2020 жылға қарай Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларды құрайды

2020 жылға қарай Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларды құрайды

Қазақстандық тарапты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, беларусьтік тарапты БР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары В. Матюшевский басқарды. Отырыс барысында сауда, инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, ғылым және технологиялар, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Асқар Мамин Қазақстан мен Беларусьтің байланыстарының барлық мемлекетаралық деңгейде, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктерге қатысуда, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақта табысты жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті.
Тараптар ағымдағы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымының артқандығын ерекше атап өтті.  2017 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы сауда айналымы $313,7 млн құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,6 пайызға өскен.
"2020 жылдарға қарай екі ел арасындағы сауда айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізуіміз керек", — деп атап өтті А. Мамин.
ҮАК қазақстандық тарабының теңтөрағасы А. Маминнің айтуынша, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистикалық секторда, ғарыш саласында, агроөнеркәсіп кешенінде, мәдени- гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті.
"Соңғы жылдары аймақ аралық серіктестікте тұрақты динамика байқалады", - деді В. Матюшевский. Сондай-ақ, бүгінгі күні Беларуссияда қазақстандық инвестициямен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын, Беларустық тарап әрі қарай да инвестициялық жобаларға барлық жағынан қолдау көрсетіп, өзара тиімді инвестицияларды ынталандыруға құлықты екенін атап  өтті.
Тараптар серіктестіктегі келешегі бар бағыттарды, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мелиорациялау және жерді суармалау сияқты жобаларды жасау үшін өзара жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастырды.

Бұдан басқа, қазақстандық компаниялардың ауыл шаруашылығы өнімдерін Беларусь еліне, ал беларустық өнімдерді Қазақстанға жеткізу мәселелері талқыланды. Осы жылдың қараша айында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь елінің Сауда-өнеркәсіптік палатасының арасында Қазақстандық-беларусьтік іскерлік кеңесті құру туралы келісімге қол қойылады деп жоспарлануда.  Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 13-отырысының қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарында "Орталық – Оңтүстік" автокөлік дәлізінің Қарағанды – Теміртау бөлігінің жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жиын өткізді. 14 шақырымға созылған жол бөлігі "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатыр. Ол 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
"Қазір жол жөндеушілердің басты міндеті – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жол жөндеу жұмыстарын уақытында және сапалы етіп аяқтау", – деді А.Мамин.
Аймақты аралау кезінде А. Мамин "ҚазБелАз" БК жұмысымен, тау-кен байыту жабдықтарды шығаратын кәсіпорыны, автокөлік құралдарын кәдеге жарату бойынша кешенінің, жобалық қуаты жылына 4 млн қаптама инъекциялық препараттар шығаратын фармацевтикалық өндірістің жұмысымен танысты.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
17878
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.