Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ағымдағы жылдағы қазақстандық 7 озық стартап

30.12.2016 20:52:06
Ағымдағы жылдағы қазақстандық 7 озық стартап

Капитал.kz іскерлік апталығы ең қызықты жобаларды таңдады

«Капитал.kz» іскерлік апталығы өтіп бара жатқан жылдың ең қызықты стартаптарын таңдады. Біз идеяның пайдалылығына, даму деңгейі мен байқауда иеленген орнына қарадық. Жобалардың жартысы 2015 жылы жасалған, алайда, негізгі даму мен инвестициялар бізге соңғы 12 айда келді. Дағдарысқа қарамастан жас бизнесмендер қордың стартап шараларына - «Сколково», Almaty Tech Garden, Invest Show, «Построй свой бизнес» және т.б. қатысу арқылы дамуға мүмкіндік табады. Осы оқиғалардан тыс жағдайда қазақстандық стартаптар өздерін өткізе алмайды. Инновациялық идеялары бар кейбір жобалар БАҚ көрме қатысушылары және байқау сыйлықтарының иегерлері ретінде көрсетіледі, алайда Желіде олар туралы ақпарат болмайды.

SmartSatu — дүкендер мен тауар жеткізушілерге арналған сервис

SmartSatu — бұл өзара тәуелді бизнестердің: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілердің В2В-платформасы. Жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдайды және тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат бойы онлайн қабылданады, бұл дүкен жеткізуші-компанияның жұмыс режиміне тәуелді болмайды деген сөз. Өтініштер жылдам қарастырылады және өнім есебі электронды түрде болады. Стартап негізгі өнім өндірушілермен: «Ақсай нан», «Цесна», «Алтын дән», «Адал», Raimbek Bottlers және т.б. серіктес болады. SmartSatu халықаралық Seedstars CEE байқауында 1 орынды иеленген.

«Жанды ертегілер» — интерактивті тарихқа арналған қосымша

«Жанды ертегілер» стартабы қазақ халық ертегілеріне қосымша шынайылық әсерін береді. «Пайдаланушы смартфон немесе планшеттегі камераны қосып, оны кітап бетіне тосады, кейіпкерлерге «жан бітіп», дауыстап оқу басталады», - дейді MOST бизнес-инкубаторының өкілдері. Стартап тобының мақсаты – балалардың дамуына үлес қосу және қазақтың ұлттық ертегілеріне қызығушылықтарын ояту болып табылады.

SmartPay — қолма-қол емес төлем жасауға арналған шағын терминалдар

Бұл бөлшек дүкендерде қолма-қол емес төлем жасауға арналған В2В-сервис. Сатып алу үшін дүкен деректемелері бар QR-кодты сканерден өткізіп, банк парақшасына өтіп, төлем картасының деректерін енгізу керек. Технология стационар және ұялы төлем жасау құрылғыларымен салыстырғанда біршама арзан: бағасы 9900 теңгеден басталады. Кәдімгі POS-терминал бағасы 95 000 теңге тұрады. Бағасының төмен болуына және технологияның қол жетімділігіне байланысты аулада орналасқан кішкентай дүкендер қолма-қол емес төлем қабылдай алады. Терминал ұялы байланысы бар кез келген жерде жұмыс жасайды. Жұмыс жасай бастаған бір жылға толмайтын уақыт ішінде 3000 жуық құрылғы сатылған.

KazMotors — автокөлік бөлшектерін сатып алуға арналған қосымша

Стартап әдеттегі нарықтар баламасы ретінде жасалған – тегін ұялы қосымша 1000 автомобиль бөлшектерін сатушылардың базасын жинақтаған. Пайдаланушы қосалқы бөлшек сипаттамасын толтырады, хабарландыру береді және сатушылардан хабар алады. Сатып алу ақысы картамен, Qiwi терминал арқылы немесе қолма-қол ақшамен төленеді. Қосымша сатып алушылар үшін тегін – ол дүкендерден сату пайызын алады. InvestShow 2016 16 қатысушының ішінде KazMotors үздік стартап болған.

«Унисон» — ұйқыны басқару

«Унисон» — ұйқыны реттеуге арналған құрал, ол түс көру ұзақтығы мен ашықтығын реттеуге мүмкіндік береді. Құрылғы аса төмен жиіліктегі электромагниттік өрістерді сәулелендіреді, ол ұйқы гормоны – мелатонин бөлінуіне жағдай жасайды. Atameken Business Channel деректеріне сәйкес, пайдаланушы өзіне қажетті терең ұйқыны және ашық түстерді таңдап, ұйқыға кету уақытын жылдамдата алады, аз ұй    ықтап немесе керісінше ұзақ уақыттық қалыпта ұйқыға бата алады. Технологияны әзірлеушілер – медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар, нейрофизиологтар, Қазақстан, Ресей және Беларусь электротехниктері. «Унисон» «Сколково» қорының Startup Tour «Биологиялық және медициналық технологиялар» санатында бірінші орынды иеленген.

Power Wi-Fi

Стартап PowerBank және 4GWi-Fi үйлесетін құрылғыларды жалға беру бойынша сервис түрінде болады. Сервис саяхатшыларға арналған: роумингте үнемдеу, сим-карта және айлық ғаламтор жинағы. Клиент әуежайдағы ақпараттық үстелден Power Wi-Fi алып кетіп, қайтып келгенде алып келеді. Жалға беру бағасы мемлекетке тәуелді болады, алайда номиналды баға 1GB трафик үшін күніне $2 басталады. Сервис $50 депозит ретінде алып қалып, құрылғыны қайтарған кезде қайтарып береді. Барлық төлемдер PayPal арқылы жасалады. Сервис Қазақстан, Ресей және Ұлыбританияда жұмыс жасайды.

Қан құрамындағы қант мөлшерін бақылау

«Сколково» қорының Startup Tour «Биологиялық және медициналық технологиялар» санаты бойынша 2 және 3 орынды бірден екі жобаға берді. Екінші орынды Динара Молдагалиева иеленді, ол қан құрамындағы қант деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін наноөрмек жасаған. Емделушінің терісінің астындағы электронды құрылғы қан құрамындағы глюкоза мөлшері артқанда инсулин бөледі. Стартап бойынша үшінші орынды Gluco Ways алған. Клипс түріндегі құрылғы құлақ қалқанына орналастырылады және қант деңгейі туралы ақпаратты ұялы телефондағы қосымшаға береді. Технология тұрақты түрде қан

от регулярной сдачи крови, позволяя быстрее узнавать о состоянии здоровья.

MOST бизнес-инкубаторының негізін қалаушылардың бірі және басшысы Павел Коктышев:

«Дүние жүзінде негізгі трендтер толықтырылған нақтылық (Pokemon GO), жасанды зияткерлік (боттар және ассистенттер), мүліктер ғаламторы, fintech (микрокредиттер) және ұжымдық шешімдер болған. Дағдарыс стартаптарға қызығушылықтыц арттырып қана қойған жоқ, ірі корпорациялар тарапынан да қызығушылық тудырды. Компаниялар инновацияларды қолдап, енгізе бастады. Қазақстандық банктер және ұялы операторлар олардың бизнестерін әртараптандыруға қабілетті жобаларды іздейді. Шартты түрде «Қазақтелеком» WhatsApp бастапқцы кезеңінде қаражат салғанын ойланып көріңізші.

Инвестициялар да артатын болады, қазақстандық бизнесмендер жергілікті стартаптарға белсенді түрде инвестициялар салып отыр. Мурат Абдрахманов Chocofamily инвесторы болса, Маргулан Сейсембаев осы жылы бірқатар стартаптарды қаржыландырды. Бұл тек алдыңғы қатардағылар және жариялылықтан қорықпайтындар, өкінішке орай, бізде Ресейдегідей бизнес-періштелер қауымдастығы жоқ. Осы жазда «Верный Капитал» компаниялар тобымен және Халық шаруашылығы университетімен бірлесе отырып, Қазақстандық бизнес-періштелер қауымдастығын құрдық, оның міндеті – Қазақстанда стартаптарға инвестиция салу мәдениетін дамыту. Қазақстан нарығындағы жеке стартаптарға инвестицияның жалпы көлемі $25 млн. бағаланған. Келесі жылы бұл көрсеткіш екі еселенеді».

Дереккөз: kapital.kz
Қарап шыққандар саны:
10516
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз