Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ақмола облысында ірі макарон фабрикасы ашылды

05.09.2017 08:45:56
Ақмола облысында ірі макарон фабрикасы ашылды

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, кәсіпорын ел Президентінің Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында салынған. Кешен ұн және макаронның 11 түрі мен жайма шығарады.
Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтап, бүгінде өңір елорда тұрғындары үшін тамақ өнімдерін негізгі жеткізуші болып табылатынын атап өтті.
Ақмола облысында елорданың айналасындағы азық-түлік белдеуі бағдарламасын іске асыру аясында өнімділігі 60 мың тоннаны құрайтын Макинск құс фабрикасы сияқты жобалар салынып жатыр, бұл облыста ғана емес, сонымен қатар жалпы ел бойынша құс етін өңдеу жөніндегі ең ірі жоба.
Қазіргі уақытта астана тұрғындарын экоөніммен қамтамасыз ету мақсатында облыста 11,4 млрд теңгеге 12 жоба іске асырылуда.

Дереккөз: strategy2050.kz
Қарап шыққандар саны:
687
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.