Ақтөбе облысы инвестициялық форум өткізуге дайындалуда

Ақтөбе облысы инвестициялық форум өткізуге дайындалуда

Форумның негізгі мақсаты - Ақтөбе облысының  инвестициялық мүмкіншіліктерін көрсетіп, инвестициялық имиджін қалыптасуына ықпал ету, отандық және шетелдік инвестицияларды облыс экономикасына тарту.
«Форумның аясында Ақтөбе өңірінің бизнестің дамуына қолайлы мүмкіндіктер жасалғанының көпшілікке ұсыну,  инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік және аймақтық қолдау түрлері, жаңа инвестициялық жобалар ұсынылып,  жоғары экономикалық дамуды қалыптастыру мәселелері, шетелдік қаржы салымдарын көбейту, өңірде шығарылатын сапалы тауарларды шетел  нарығына шығару, және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандырылған көрмесінде ұсынылған  жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.
Шараның барысында "ЭКСПО-2017: аймақтардың даму импульсі" атты пленарлық отырысы, Ақтөбе облысының инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар "Мемлекеттік қолдау түрлері: индустриалдық аудандар - болашағы бар жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдық құрал және іске қосу алаңы ", " Жаһандану кезеңінде агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі ", "Мемлекеттік жекеменшік әріптестік: тәжірибе және даму перспективалары " атты үш панельдік сессиялары жоспарланған.
Форумға шақырылған қонақтар арасында шетелдік мамандары мен инвесторлары, үкімет, ұлттық компаниялар, қаржы мекемелерінің өкілдері, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер, шетелдік мемлекеттердің аймақ басшылары бар.
Бүгінде Ақтөбе облысы экономика-географиялық жағынан қолайлы орналасқан, көлік және коммуникациялық тораптары дамыған, инвестиция салу жағынан тартымды өңірлердің бірі. «Doing Business» рейтингісінде көрсетілгендей соңғы 5 жылдықта  Ақтөбе өңірі бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша Қазақстанда екінші орында, негізгі капиталға салынған сыртқы инвестициялар көлемі бойынша үшінші орында тұр.  
Қазіргі таңда 200 гектарда орналасқан "Ақтөбе" индустриалдық аймақ барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымымен, автокөлік  және теміржол көлігіне қатынайтын жолдармен жабдықталған. Индустриалдық аймақтың жартысы (49 пайызы) жаңа кәсіпорындарға пайдалануға беріліп, қалған жартысы 2018 жылда игеріледі.

Дереккөз: strategy2050.kz
Қарап шыққандар саны:
16330
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.