Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ақтөбелік 25 кәсіпорын Экспо-2017 технологияларын енгізеді

29.09.2017 13:36:01
Ақтөбелік 25 кәсіпорын Экспо-2017 технологияларын енгізеді

Аймақ басшысы төрағалығымен өткен отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов атап өткендей, ҚР Энергетика министрлігінің ұйғарымымен Ақтөбе облысы инновацияларды жүзеге асыруда жетекші аймақтардың бірі болып танылды.
ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған технологияларды қолдану аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, энергияны пайдалану тиімділігіне және еңбек өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
"ЭКСПО-2017-де көрсетілген технологиялардың, жаңалықтардың өңірді дамытуға үлкен әсерін тигізетін мүмкіндігі бар. Оларды экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына кеңінен енгізу қажет", — деп атап өтті ол.

Аталып өткендей, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Ақтөбе облысының 136 мың тұрғыны, соның ішінде 14 мың оқушы қатысқан.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды қолдану мәселесі 12-13 қазанда "ЭКСПО-2017: өңірлердің дамуына жаңа серпін" атауымен өтетін "Ақтөбе-Инвест-2017" форумы барысында әлеуетті инвесторлармен талқыланатын болады.

Дереккөз: www.ic24.kz
Қарап шыққандар саны:
1230
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар