Алматыда соя тұздығын шығара бастады

Алматыда соя тұздығын шығара бастады

Алматыда "ЦИН-КАЗ" ЖШС-нің соя тұздығы өндірісі іске қосылды. Бұдан басқа, зауыт көкөніс салатын дайындаудың жаңа желісін іске қосты. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Өндірісті автоматтандыру мен жетілдіруге арналған жоба аясында көкніс салаты мен соя тұздығын дайындайтын жаңа 2 цех ашылған.

«Цин–Каз» ЖШС сапа жөніндегі менеджері Жанар Рахымбекованың айтуынша өндірісті автоматтандыру, жаңғырту және кеңейтуге арналған бизнес-жоспар аясында 618,5 млн теңге инвестиция тартылған. Бүгінде бұл соманың 418 млн теңгесі игерілген. Оның ішінде 71 млн теңге субсидия ретінде мемлекеттен берілген.
Өнімнің барлық ассортименті тауар атауларының 20-дан астам түрлерін қамтиды, олардың арасында томат пастасы, кетчуп, тосап және тұздықтар бар. Өндірістің қуаты-жылына 6,3 мың тонна өнім. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың томат пастасына қажеттілігінің 50% жаба алады. Компанияның өнімдері  Қазақстанның, Ресей және Қырғызстан 42 аймағында ұсынылған.

Зауыт Кәсіпкерлікті қолдау картасының және "Агробизнес-2020" бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

Дереккөз: kapital.kz
Қарап шыққандар саны:
6169
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.