Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Астана әкімдігі "Astana Innovations Challenge" алғашқы стартап-марафонын іске қосты

03.07.2017 21:22:00
Астана әкімдігі "Astana Innovations Challenge" алғашқы стартап-марафонын іске қосты

Астана әкімдігі және "Астана Innovations" АҚ астананың инновациялық экожүйесінің және қалалық технологиялық міндеттердің шешімін дамытуға бағытталған "Astana Innovations Challenge" стартап-марафонын іске қосты, деп хабарлайды Kazpravda.kz, "Астана Innovations"АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.

"Astana Innovations Challenge" – бұл қала билігін, ғылыми-бизнес және стартап қоғамдастықты белсенді тарту арқылы қалалық технологиялық міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар топтамасы. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде жоба тақырыптық бағыты әртүрлі 4 стартап уикэндті және 2 хакатонды қамтиды.

"Астана Innovations" АҚ негізгі міндеті – елорданың кешенді инновациялық экожүйесін құру, инновациялық технологиялық шешімдердің үйлестірушісі және интеграторы болу, түйткілді мәселелерді іздеу және талдау, қалалық технологиялық міндеттер тізімін жасау және оның негізінде инновациялық жобаларды енгізу арқылы инновациялық саясатты жүзеге асыру болады. Инновациялық жобалар Астананы әлемнің ақылды, жайлы әрі қауіпсіз қалаларының біріне айналдыру бойынша тұжырымдама аясында ретімен іске асырылып отырады", – делінген "Астана Innovations"АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Astana Innovations Challenge» жобасын іске асырудың мақсаты жүйелендіру және отандық стартап-мәдениетті қалыптастырудағы кешенді тәсіл, сондай-ақ қалалық билік пен бизнес-қауымдастық күшін ғылыми және инновациялық технологиялық стартап-шешімдерді іске асыруға тиімді жұмылдыру болып табылды.

" Коммуналдық шаруашылықтың, көлік пен қала экологиясының түйткілді мәселелері саласындағы инновациялық шешімдерді жасап шығару " тақырыбындағы бірінші Startup Weekend  биылғы жылдың 14-16 шілдесінде Forte Bank-тің бас ғимаратында өтеді. 

Дереккөз: kazpravda.kz
Қарап шыққандар саны:
682
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.