Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстан Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингінде 35 орын алды

31.08.2017 09:55:00
Қазақстан Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингінде 35 орын алды

"Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі бойынша "Әкімшілік реттеу ауыртпалығы" индикаторы бөлігінде біз сондай-ақ өзіміздің көрсеткіштерімізді 8 позицияға жақсартып 38-ші орынға ие болдық. Осы жұмыстың жалғасы ретінде түрлі заңнамалық актілерге үлкен заңнамалық түзетулер пакеті, бірнеше кодекстер, бірнеше ондаған заңдар дайындалуда. Қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ұлттық экономика министрі.

Министр атап өткендей, қазірде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін аталған жұмыстар аумақтарда Бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін жүргізу жолымен атқарылуда.
"Біз барлық мемлекеттерде бар өңірлік әдістемелер бойынша үздік тәжірибені зерттеп, жергілікті атқарушы органдардың ықпалына неғұрлым қатты бейімделген 5 факторларды анықтадық – атап айтқанда, реттеушілік климат, бизнеске қаржының қолжетімдігі, адами капитал, бизнес инфрақұрылымы, қабылданатын шешімдердің ашықтығы", - деді Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, барлығы рейтингін дайындау кезінде 8 мыңнан астам респонденттен жауап алынады, ал бағалау екі деңгейде жүргізіледі: аймақтық және қалалық.
"Жұмыс өңірлік, сондай-ақ қалалық деңгейде жүргізілетін болады. Яғни, біз тек қана облыс орталықтарымен шектелмей, сондай-ақ қалалар деңгейіне түсуді шештік. Осы рейтингпен 55 қала қамтылатын болады. Рейтингтен басқа жұмыс барысында пайда болатын жергілікті бизнес ортаның ұсыныстары ескеріледі", - деп атап өтті министр.
Осылайша, рейтинг дайындау барысында кәсіпкерлікті дамытудың проблемалық аспектілері анықталады, сондай-ақ бизнестің пікірінше,  іскерлік ортаның өңірлердегі және қалалардағы жай-күйі жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар көрсетіледі.  

Дереккөз: bnews.kz
Қарап шыққандар саны:
649
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.