Қазақстан мен Ресей бизнестің құқықтық проблемасын шешу үшін тәжірибе алмасуда

Қазақстан мен Ресей бизнестің құқықтық проблемасын шешу үшін тәжірибе алмасуда

«Бүгінде құқықтық салада бизнесті алаңдататын мәселелерді шешу барысында тәжірибе алмасу қарқынды жүріп жатыр», - деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстанда  бизнес үшін кері байланыстың орын алғанын атап өтіп, мұны жоғары жетістік деп бағалайтындығын жеткізді.
«Кез келген қауымдастық кәсіпкерлік құқықты қорғау мен оның  мүддесін таныту үшін қызмет етеді. Сондықтан біздің заңнама басқыншылық сипатта емес, достық пейілде болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп те жатыр. Бізде заңнама мен оның қайшылықтарын жақсы білетін  институттар бар. Біздің ең басты міндетіміз - келіссөздер жүргізе алу күші, бизнес үшін ережелерді өзгерту. Мемлекеттік аппараттың бизнестің қажеттілігіне қарай назар аударуында айтарлықтай нәтиже де бар», - деді басқарма төрағасы.
Абылай Мырзахметов  еліміздің Бас прокуратурасымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айрықша атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлық қаупіне қатысты шағымдарды анықтау және жүйелі шаралар ұсыну бойынша  бірлескен жұмыс жүргізілуде. Біздің міндетіміз - шенеунікке кәсіпкерлік қызметке жасалатын кедергі үшін қолданылатын жаза бар екенін көрсету. Сондықтан кез келген заң мен құжатты кәсіпкерлермен келісу маңызды. Осы бағыттағы жұмыс жүргізілуде. Мемлекет пен бизнестен бөлек халық бар, осыған орай кәсіпкерліктің адалдығы маңызды. Халық сапалы қызмет алуы керек», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін елордада Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті. Шараға екі елдің бизнес-омбудсмендері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен екі елдің іскерлік делегациясы қатысты.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4410
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.