Қазақстан Әзірбайжанға арал тұзының экспортын бастады

Қазақстан Әзірбайжанға арал тұзының экспортын бастады

"Кәсіпорын Ресейдің тұз нарығының 13 пайызын жеңіп алды. Бұдан бөлек, біз Қырғызстанға да өз өнімдерімізді жөнелтеміз, жақында тұздың алғашқы вагонын Әзербайжанға жібердік. Болашақта нарықты кеңейтіп, Қытай мен Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз",-деді  "Аралтұз"АҚ вице-президенті.

Аталып өткендей, кәсіпорын жаңа серіктестер тарту мақсатында Ресейде 26 -шы мамандандырылған "World Food Moscow" көрмесіне қатысуда.

Евгений Король сондай-ақ, болашақта "Аралтұз"АҚ-ы металлургия, химия, өнеркәсіптің өзге де салаларында сұранысқа ие кальцийлендірілген сода өндірісін іске қосуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Атап айтқанда, өнім Қызылорда қаласындағы шыны шығару өндірісіне қолданылатын болады. Зауыттың жылдық қуаты 300 мың тонна өнімді құрайды", - деп түсіндірді Евгений Король.

Айта кету керек, бұл республикада кальцийлендірілген сода шығаратын жалғыз зауыт болмақ әрі еліміздің барлық сұранысын 75% -ға қанағаттандырады. Бүгінде кальцийлендірілген сода нарығының 100% пайызын импорттық өнімдер құрайды.

"Аралтұз"АҚ - йодталған ас және техникалық тұз шығаратын қазақстындық ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін шығарады: әртүрлі деңгейдегі жұмсақ және қатты қаптамалардағы ас тұзы, мал азығына және техникалық қажеттіліктерге арналған тұз түрлері.   Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан компанияда 1200-ден астам адам жұмыс істейді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
5590
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.