Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді

03.07.2017 21:26:00
Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді

Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бастысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн», - деді   Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт  ауданына жасаған жұмыс сапары барысында.

Қазығұрт ауданы Жіңішке ауыл округіндегі  «Нұр-Айдар» шаруа қожалығы 3 жылдан бері  таңқурай өсіріп келеді. Алғашында үй іргелік 7 соттық жерге таңқурай егіп дағдыланған Еркін Шерәлиев бүгінде нағыз білгір маманға айналған. Қазір ол 3 гектар жерді 49 жылға жалға алып, күніне 200 келі таңқурай жинауда.

«Таңқурайдың келісін 700 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл жеміс дақылың әр түбі 2-3 келіден өнім береді. Ал маусымында 1 гектардан 12 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Жиын –терім жұмыстарына 20-ға жуық ауыл тұрғындары тартылып, әр қайсысына күніне бір келі терсе 150 теңгеден ақы төлеп жатырмыз. Жұмысшылардың тамағы тегін.  Мұндағы жұмысшылар күніне орта есеппен 2000-3000 теңгенің көлемінде ақша табады»,- дейді қожалық төрағасы Еркін Шерәлиев.

Негізінен таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі.  Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр.  Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.

«Біз осындай іскер әрі бағбан  азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар»  шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Дереккөз: strategy2050.kz
Қарап шыққандар саны:
216
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар