Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Қазақстанда жұмыссыздар жеке кәсіпкерлерге айналады

28.12.2016 18:55:58
Қазақстанда жұмыссыздар жеке кәсіпкерлерге айналады

Дүние жүзінде ешбір экономика жұмыссыздық мәселесін 100% шешу үшін жеткілікті жұмыс орындарын шығармайды. Дүние жүзі экономикалық тұрақсыздықтан зардап шегіп отырғанда еңбек нарығы жағдайын жақсарту мүмкіндігі – оңай шаруа емес. Дегенмен, Қазақстан «антиботик ретінде» әсер етпейтін бағдарлама дайындады. Мақсаты – белгілерін емес, себептерін жоюға тырысу.

Мұнда ҚР Үкіметі мақұлдаған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы туралы сөз болып отыр. Алайда, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жақсарту қажеттілігін түсіну үшін елдің еңбек нарығындағы жағдайда түсіну керек. Ресми санаққа сәйкес Қазақстандағы жұмыссыздық 4,9% құрайды, бұл шамамен 450 мың адам. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бұл көп шама емес. Алайда, көпшілігі жұмыссыздардың саны шын мәнінде біршама көп екенін біледі. Не себепті? Бәрімізге белгілі, елде 2 млн 200 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар. Олардың арасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректеріне сәйкес өнімсіз жұмыспен қамтылғандар саны – шамамен 360 мың адам. Негізінен олардың кірістері жеке базалық қажеттіліктеріне жетпейді, сол себепті министрлікте оларды да жұмыссыздар ретінде қарастырады. Жалпы есептегенде 810 мың адамға тұрақты жұмыс пен тұрақты табыс көзі қажет.

Министрлікте осы мәселенің шешімін табудың екі түрлі шешімі бар – оларға жалдамалы жұмыс табу немесе оларға жеке кәсіпкер болуға көмек көрсету. Бірінші жағдайда екі жүйелі мәселе бар.

«Біріншіден, ресми санақтарға сәйкес 9 млн адам экономикалық белсенді халықтың 28% тек мектепті аяқтаған орта білімі ғана бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында бұл көрсеткіш 50% құрайды. Осы жағдай адамдардың жұмысқа орналасуына ең басты кедергі болып табылады. Себебі олардың білімі мен дағдылары жоқ. Екінші мәселе – оларды қайда жұмысқа орналастыру? Елімізде миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыруға болатын жеткілікті жұмыс орындары жоқ. Сол себепті жеке кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару керек. Жаңа бағдарлама «Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» деп аталады», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов. 

Жаңа бағдарлама бұл тұрақсыз экономикалық жағдай кезеңінде жұмыссыздықтың жаңа толқынына жол бермеуді қарастыратын дағдарысқа қарсы механизм емес. Ол сапалы құрамдаушыларға бағытталған біршама бейімделген иінтірек. Бағдарлама үш бағыттан құралады.

Біріншіден, бұл жаппай оқыту. Ол экономикалық белсенді халықтың  үштен бір бөлігіне жуығының білімі немесе кәсіби дағдыларының болмауына негізделеді. Жаппай оқыту екі механизм бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі кезде білім министрлігінің деректеріне сәйкес жыл сайын 21 мың мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпейді және жоғары оқу орындарына түспейді. Бірінші механизм осы түлектерге көмектесу болып табылады. Талапкерлерді тегін кәсіптік – техникалық оқытуға жаппай тарту ұсынылады. 2,5 жыл ішінде олар міндетті тәртіппен алғашқы жұмысшы мамандығын алып шығуы тиіс. Екінші механизм білімі жоқ ересек халық тобына бағдарланған. Оларға дуальді оқыту ұстанымы бойынша (жұмыс орнындағы оқыту) 1-6 ай ішінде қысқа мерзімді кәсіптік курстар оқыту ұсынылады. Шалғайдағы және қол жетімділігі қиын аудандарда тұратын қазақстандықтар үшін мобильді оқыту орталықтары барады. Алдымен бұл мүмкіндіктерді елдің бес облысының тұрғындары пайдаланады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде 2017 жылы жаппай оқытумен 47 мың адам қамтылатын болады деп хабарлаған, ал алдағы үш жылда – 166 мың адам оқытылады. Осы мақсатта бюджеттен 77 млрд теңге бөлінеді.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша микрокредит беру бағыты бар. Сомасы аз кредиттер кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін берілген. Осы мүмкіндік екінші бағыт болып табылады. Алайда, ескі бағдарлама бойынша микрокредиттер ауыл тұрғындарына бизнес ашуға берілген болса, енді бұл мүмкіндік қала тұрғындарына да берілетін болады. Сонымен қатар, жекелеген жағдайлар үшін тек 3 млн теңге, аулы шаруашылық кооперативтері үшін – 6 млн теңге  алуға болатын болса, қазір бұл сома 16 млн теңгеге дейін артқан. Олар бес жылға дейінгі мерзіммен, ал мал шаруашылығымен айналысу немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құруға шешім қабылдағандар үшін – жеті жылға дейін мерзіммен беріледі. Кредит алушылардың кепілді мүліктерді беру қиындықтары есебінен «кредиттерге кепілдік беру» ұғымы енгізіледі. Ауылдық жерлерде микрокредит берумен «ҚазАгро» агрокредит корпорациясы және Ауыл шаруашылығын қолдау қоры айналысатын болса, қалалы жерде операторлар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қолы болады. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес бастау» - кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасын жүзеге асыратын болады.

Авторлардың айтуынша, бұл тек қарапайым 30 күндік теория емес. Біліктілігі жоғары бапкерлер жұмыссыз қазақстандықтардан бизнесмендер дайындауға көмектесетін болады. Сонымен қатар, олар бизнес-жобаларды дайындайды. Мұнда қатысушылардың жобаларын қорғау және микрокредит алған сәттен бастап бір жыл бойы қосымша жұмыс жасайтын болады. Алғашқы жылы «Бизнес бастау» жобасы бойынша 15 адам оқиды, жалпы жыл сайын – 30 мың адам оқитын болады.

Бағдарламаның үшінші бағыты ескі Жұмыспен қамту жол картасы бойынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

«Бізде оқу немесе еңбекке орналасу қиын болатын әлеуметтік осал топтар бар. Бұл ең алдымен, мүгедектер, жастар және әйел адамдар. Олар үшін мемлекеттің жұмыс орындарын субсидиялау бағдарламасының тәжірибесі бар – ол әлеуметтік жұмыс орындары, жастар саясаты. Бұл құралдар сол қалпында қалады», - дейді вице-министр Біржан Нұрымбетов. 

Бұдан басқа, Үкімет еңбек мобильділігін арттыру құралын қалдыруды жоспарлап отыр. 2011 жылдан бастап мемлекет экономикалық әлеуеті төмен қолайсыз елді мекендердің тұрғындарына дамыған аумақтарға қоныс аударуға көмектескен, бұл жағдайда, белгілі әлеуметтік жинақ болған. 2015 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарға жұмыс орындары көп аудандардан жұмыс орны жеткіліксіз аудандарға ауысуға көмек көрсете бастаған. Бұл аймақтар: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында мамандар жетіспеген жағдайда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Алматы облыстарында олар артық болады. Соңғы аудандарда соңғы 10 жыл ішінде халық санының өсімі екі пайыздан артық болады. Үшінші бағыт шаралары үш жыл ішінде 94 мың адамды қамтуды жоспарлаған.

«Жұмыссыздар саны өкінішке орай, еш уақытта нөлге дейін төмендемейді. Оған қанша миллиардтар жұмсаса да солай болады. Халықаралық еңбек ұйымының нұсқаулары бойынша есептелген 4,9% жұмыссыздық деңгейі аса нашар көрсеткіш емес. Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде біз 2021 жылы жұмыссыздық деңгейін 4,8% асырмауды қарастырып отырмыз. Сондай-ақ, тек мектепте алған білім деңгейі еңбек ресурстарының үлесі  20% аспайтын болады. Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 10% аспайтын болады деп ойлаймыз» - деп қорытындылады Біржан Нұрымбетов.

Неғұрлым сезімтал индикаторлар немесе бағдарлама ықпалы келесі түрде болады. 2025 жылы Қазақстанда осы бағдарлама нәтижесінде 500 мыңнан кем емес жаңа кәсіпкерлер пайда болуы керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кірісі 36% артып, айына 75 мың теңгені құрайтын болады. Осының барлығы елдері ЖІӨ жыл сайын 0,8% артуына алып келеді.

Дереккөз: inform.kz
Қарап шыққандар саны:
1213
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз