Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Бизнесті дамытудағы маңызды қадам

04.07.2017 21:44:00
Бизнесті дамытудағы маңызды қадам

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіндегі Ресей Федерациясының павильонына Омбылық іскер туристердің тобы келді.

Оның құрамына туристік, жобалық және сауда ұйымдары өкілдерінен 10 адам кірді.

Делегация Астанаға аралас бизнес-бағыттарда жұмыс істейтін кәсіпорындармен бірқатар кездесулер өткізуге және өзара іс-қимылын кеңейтуге келді. Сапар шеңберінде топ Ресейлік экспорттық орталығының басшысы Игорь Камынин және Қазақстан Республикасындағы РФ сауда өкілдігінің өкілі Анзор Осмаевтың қатысуымен Қазақстандық кәсіпкерлермен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, делегаттарға Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының сауда өкілі Александр Яковлевпен кездесу және әңгімелесудің сәті түсті.

– Біз топ жинап, бизнес-миссиясын құрып және серіктестер арқылы, EXPO Russia арқылы "ЭКСПО-2017" аумағында кішігірім экскурсия ұйымдастырдық, – деп Омбы делегациясы мүшесі Анна Пикуль көрме туралы әсерімен бөлісті. – Оның құрамында Омбы қаласы шаруашылық қоғамдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер. Олардың әсері ең жағымды және "ЭКСПО" мәдени бағдарламасына үлкен қызығушылық бар.

Бизнес-туристердің іс-шараға қызығушылығы толықтай негізделген. "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі қонақтарға бай, мәдени және іскерлік бағдарламасын ұсынып қана қоймай, сондай-ақ, әр түрлі аймақтар мен елдердің кәсіпкерлерімен және лауазымды тұлғаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға және болашақ халықаралық ынтымақтастықтың іргетасын қалауға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: liter.kz
Қарап шыққандар саны:
362
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.