Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» қоры «Үздік жылдық есеп» байқауының жеңімпазы атанды

29.12.2016 20:32:47
«Даму» қоры «Үздік жылдық есеп» байқауының жеңімпазы атанды

RAEX рейтинг агенттігінің сарапшылары  ең үздік жылдық есептер шығарған компанияларды атады деп хабарлайды «Даму» қорының баспасөз қызметі

Қаржы секторындағы үздік есеп болып «Даму» қорының есебі танылған. Байқау ұйымдастырушыларының пікіріне сәйкес, «Даму» қоры жыл сайын есеп стандарттарын ақпараттың ашықтығы, операциялық, қаржылық қызмет және персоналды басқару көрсеткіштері бойынша жоғарылатып отыр.

«Байқау жеңімпаздары 2016 жылғы Қазақстандағы жылдық есептерді дайындаудың озық тәжірибесін көрсетіп отыр. Көшбасшы компаниялар ақпаратты ашудың жоғары деңгейін ғана емес, оны сапалы ұсынуды да көрсетіп отыр, ол – есепті пайдаланушылардың сұрақтарына максималды толық түрде дұрыс жауап беруге, мүдделі тараптарға хабарламаларды жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы корпоративті есептіліктің дамуының негізгі трендтерінің бірі әлемдік тәжірибедегідей ұйым қызметінің қаржылық емес аспектілерін көрсету талаптарын арттыру болып табылады.  Сол себепті ағымдағы жылдан бастап біз тұрақты даму саласында қызмет нәтижелерін сапалы көрсеткені үшін жаңа аталым шығардық», - деп айтып кетті жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин.

«Екінші жыл қатарынан «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» аталымын жеңіп алу зор қуаныш. Бұл үшін «Даму» қорының барлық қызметкерлер тобына алғыс білдіремін. Сонымен қатар, осы аталым үшін Рейтинг агенттігінің сарапшыларына алғыс айтқым келеді. Біз қоры қызметі туралы ақпаратты толық ашуға, ең алдымен, кәсіпкерлер үшін түсінікті түрде беруге тырыстық.  Жыл сайын сапаны арттырып, жаңа белестерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді «Даму» қорының Басқарма төрағасының орынбасары Даулет Абилкаиров.

2016 жылы байқауға 137 қазақстандық компания қатысқан. Лауреаттар:

* «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ,

* «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,

* «Евразиялық банк» АҚ,

* KAZ Minerals PLC,

* «Самұрық-Энерго» АҚ,

* «Орталық Азия Электр энергетика  Корпорациясы» АҚ,

* «KEGOC» АҚ, Қарашығанақ Петролиум,

* «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ,

* «НСК» АҚ,

* «ҚазАгроФинанс» АҚ,

* «Аграрлық  кредит корпорациясы» АҚ,

* «ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» АҚ.

Байқау 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді, өткен кезеңде оған елдегі 100 астам ірі компаниялар қатысқан. Есептерді талқылау мен бағалауға Қазақстан және ТМД үздік сарапшылары мен халықаралық кәсіби мамандар шақырылады. Байқау мүдделі тараптар үшін компанияның ақпаратын тиімді жариялауға мүмкіндік береді.

«Даму» қоры – ұлттық даму институты, оның акцияларының 100% «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ тиісті. «Даму» қорының миссиясы – ШОБ  және Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына қаржылық және консалтинг қызметтерін көрсету операторы және интеграторы рөлінде мүмкіндік жасау.


Дереккөз: matritca.kz
Қарап шыққандар саны:
10226
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз