Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Голландия – Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі

25.11.2016 21:42:14
Голландия – Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің бірі

Гаагада Біріккен Іскери Кеңес аясында Қазақстан мен Нидерланды Корольдігінің ресми тұлғалары және іскери топтарының қатысуымен қазақстандық-голландтық бизнес-форум жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының инвестициялар мен даму Министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар Ұлттық агенттігі» АҚ және VNO – NSW Голландия жұмыс берушілері мен бизнес Конфедерациясымен ұйымдастырылды.

Бизнес-форумға ауылшаруашылығы, ас өнімдерінің өндірісі, көкөніс өсіру, су ресурстары, энергетика, химия, жеңіл өнеркәсіп, инфрақұрылым және логистика секілді экономиканың салаларында жұмыс істейтін 50 астам компаниялардан екі жақтан 100 астам адам қатысты. Бизнес-форумда экономиканың әртүрлі салаларындағы Қазақстан Республикасы және Нидерланды Корольдігінің сауда-экономикалық серіктестігін бұдан әрі белсендендіру сұрақтары талқыланды.

25 жыл ішінде Голландия біздің елге салынған инвестициялардың көлемі бойынша бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның маңызды экономикалық серіктестерінің біріне айналды. Бүгінгі таңда біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық серіктестік мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі саласында іске асырылуда, машина құрылысындағы жобалар жоспарлануда.

2005 жылдан бастап қазақстан экономикасына Нидерландыдан түсетін тікелей инвестициялардың көлемі 67,3 млрд.АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі таңда ел экономикасына голландтық инвестициялық капиталдың құйылуын ұлғайту үшін жайлы жағдайлар жасалынған. Біз қазақстандық индустриялық-инновациялық саясаттың айрықшалықтарына сәйкес отандық ғылымды қажетсінетін және экспорттық бағдарланған өндірісті дамыту жобаларына голландтық бизнестің қатысуын қуана қарсы аламыз», - деп Қазақстан Республикасының инвестициялар мен даму Министрлігі инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Туякбаев бизнес-форумдағы өз сөзінде атап өтті.

Бизнес-форум аясында қазақстандық делегация голландтық серіктестерге Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, келесідегідей аталмыш салаларға инвестицияларды тарту Қазақстан үшін айрықша қызығушылықты туғызатындығын атап өтіп, тау-кен металлургиясы, мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп, машина құрылысы, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, ауылшаруашылығы секілді экономиканың басым салаларына инвесторлар үшін арналған стимулдар жинағын ұсынды. Сонымен бірге голландиялық бизнес-қауымдастыққа мемлекеттік және өзге органдармен инвесторлардың қарым-қатынасы үшін «бір терезе» қағидасы және мәселелерді шешуде барлық инвесторларға көмек көрсететін, омбудсмен Институты туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шараның голландтық қатысушылары Қазақстанда құрылған шетелдік инвесторларға жобаларды жүргізу үшін ауқымды мүмкіндіктер ұсынатын, 10 арнайы экономикалық аумақтармен жүргізілетін жұмыспен танысты.

Өзінің кіріспе сөзінде KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар Ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асхат Бейсенбаев «Қазақстанда 2016 жылдың 1 қарашасына голландтық капиталдың қатысуымен 1 178 кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде қолданыстағылардың саны 985. Біз екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге нидерландтық тараптың даярлығын жоғары бағалаймыз және өз тарапымыздан осы мақсатқа қол жеткізу үшін барынша мол күш жұмсауға тырысамыз» деп мәлімдеді.

Бизнес-форумның қорытындылары бойынша «Қазақстан Халықаралық сауда палатасы және Нидерланды VNO NCW арасындағы ОДС келісіміне» қол қойылды.

Дереккөз: 24.kz
Қарап шыққандар саны:
1349
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар