Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Шағын және орта бизнестің АТ-шығындары инновация есебінен артып отыр

29.12.2016 20:21:17
Шағын және орта бизнестің АТ-шығындары инновация есебінен артып отыр

Шағын және орта бизнестер тарапынан АТ шығындары алдағы жылдары артатын болады. Шығындардың негізгі баптары озық технологиялар: мүліктер ғаламторы, бұлттар, 3D-баспа және робот техникасы болады.

Шағын және орта  бизнес инновациялық технологияларға қызығушылық танытуда

Батыс Еуропалық шағын және орта бизнес сегментіндегі компаниялар 2020 жылға қарай АТ $120 млрд артық жұмсайтын болады. Бұл туралы International Data Corporation (IDC) жаңа зерттеулерінде айтылған. Бұл компаниялар жалпы АТ-бюджетінің салыстырмалы аз болуына қарамастан жиынтық түрде жалпы АТ-нарығының үштен бір бөлігін құрайды. Аналитиктердің пікіріне сәйкес, бейінді шығындар осы және келесі жыл қорытындысы бойынша аздап кемуі мүмкін, алайда, жалпы үрдіс өзгеріссіз қалады және өсу жалғасын табады.

Бұл жағдайда дәстүрлі АТ шығын баптары салыстырмалы аз қарқынмен жоғарылайды, ал инновациялық технологиялар шығындар артуының драйвері болады. «Мүліктер ғаламторы, цифрлық трансформация, бұлттар, 3D-баспа және робот техникасы когнитивті жүйелермен үйлесімде бірінші кезекте шағын және орта бизнеске бағытталған жаңа инвестиция арналарын қалыптастырады. Жеткізушілер үшін басты басымдылықтардың бірі – осы сегментпен дұрыс жұмыс стратегиясын қалыптастыру», - деп айтып кетті IDC зерттеулер маманы Карла Ла Кроче (Carla La Croce).

Жаңа технологиялар бәсекелі артықшылық береді

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, шығындардың артуының ең жоғары серпінін шағын бизнес өкілдері көрсетіп отыр. 2015 – 2020 жылдардағы орташа жылдық көрсеткіш бұл сегментте 1,7% құрады. Ал «макро-кәсіпорындар» (бірден толғыз қызметкерге дейін) АТ-шығындарын баяу арттырып келеді – жылына шамамен 0,8%.

«Ақпараттық технологияларды инновациялық пайдалану біршама бәсекелі артықшылық болуы мүмкін, сол себепті кейбір компаниялар осы бағытта қозғалыс жасап отыр. Әр түрлі нарықтардағы АТ-шығындарға ықпал ететін көптеген жаңа үрдістердің бар екені сөзсіз. 3D- баспа немесе ғаламтор мүліктерін өндірушілердің бизнесі қалай өзгеруі мүмкін екенін ойланып көріңіз. АТ негізгі шығындарының көпшілігі дәстүрлі салаларда болуына қарамастан, біз индустрияда бірқатар жаңа жобаларды бақылап отырмыз», - деп айтып кетті IDC зерттеу менеджері Анжела Вакка (Angela Vacca).

Бұрын 2015 жылы әлемдік АТ-шығындары, оның ішінде, байланыс қызметі шығындарын қоса алғанда $3,52 млрд жеткені және оның 2014 жылғы көрсеткіштен 5,8% төмен екені айтылған. Осы төмендеу салада мониторинг жасалған кезеңдегі рекордтық көрсеткіш болды. 2015 жылы шығындар тек дата орталықтар үшін 1,8% артты. БЖ шығындары 1,4%, құрылғылар - 5,8%, АТ қызметтер - 4,5%, ал байланыс қызметтері шығындары 8,3% кеміді.

Сегменттер қысқаруының бір факторы Ресей, Бразилия және Жапониядағы саяси және экономикалық тұрақсыздық болып табылады. Сонымен қатар, аналитиктер ДК нарығына премиум санатты ультрамобильді құрылғылар көмектесетінін, ал дата орталықтар жүйесі нарығына – гипермасштаб сервері  көмек көрсететінін айтқан.

Дереккөз: ibmstorage.cnews.ru
Қарап шыққандар саны:
8704
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар