Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Тұшпара қаптамасындағы ақаулық жамбылдық бизнесменге жетістікке жетуге жол ашты

27.12.2016 21:34:50
Тұшпара қаптамасындағы ақаулық жамбылдық бизнесменге  жетістікке жетуге жол ашты

Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы отандық бизнестің қалыптасуына көмектеседі деп есептейді жамбылдық кәсіпкер Вячеслав Кан деп хабарлады «Қазақпарат» тілшісі.

12 жыл бұрын ол өз ісін шағын цехтен бастаған, мұнда жұмыскерлер тұшпараны қолмен бүккен, ал техникалық жабдықтардан тек электрлік ет тартқыш қана болған. Бүгінгі таңла белгілі «Метелица» сауда белгісінің тұшпараларын, варениктер, котлеттер, наггетстер шығаратын «Кан» ЖК Қазақстанға белгілі. Тараздық фирманың өнімдері Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарына және Астана қаласына жіберіледі, сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысады.

«2004 жылы біз жұмысты бастағанда, - дейлі Вячеслав Кан, - цехте тек жапсырушылар отыратын еді, тек электрлік ет тартқыш қана бар болған, толықтай қол еңбегі болған. Мен мамандығым бойынша маркетолог болғандықтан, бірінші кезекте, жергілікті нарықты зерттедім және барлығының тауары сәйкес, тек осал жері қаптама болып табылады деген қорытындыға келдім. Жақсы қаптамадағы тұшпараны сатып алғанда адамдарда автоматты түрде оны өндірушілерге деген сенім пайда болады. Біз осыған баса назар аударуға шешім қабылдадық. Алматылық дизайнердің қызметін пайдаланып, қаптама дайындалық, өз брендімізді ойлап таптық. Сол кезде «Метелица» атауы пайда болды. Біз нарыққа жылдам еніп, жақсы орынды иелендік».