Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Кәсіпкерлер Қарағандыны абаттандыруға миллиард теңге салады

01.06.2017 19:16:00
Кәсіпкерлер Қарағандыны абаттандыруға миллиард теңге салады

Қарағандылық кәсіпкерлер "Туған жер" бағдарламасын іске асыруға миллиард теңгеге жуық қаржы құюға дайын. Бүгін қарағандылық ірі "CityMall" сауда ойын-сауық орталығының инвесторы Олег Власов облыс әкімі Ерлан Қошановты аумақты абаттандыру жобасымен таныстырды, деп облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып, BNews.kz хабарлайды.

- Әрбір қазақстандық үшін өзіне тиесілі аумақты – үй, офис, бизнес нысаны болсын тиісінше ұқыпты ұстау басты міндет деп есептеймін, - деді кәсіпкер. – Он жыл бұрын осы моллды салғанда, ол еліміз бойынша ең үздік сауда орталықтарының бірі болатын. Алайда қазір оны қайта жөндеу керек болып тұр. Сондықтан біз оның аумағын абаттандырудан бастайық деп шештік. Осылайша «Туған жер» бағдарламасын қолдаймыз. 

Сквер құны жаңа шамамен 200 млн теңге. Жұмыстарды осы жазда аяқтау жоспарлануда.

- Мен сіздерге алғыс айтқым келіп отыр, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. – Бұл Қарағандыда «Туған жер» бағдарламасын іске асырып отырған алғашқы жоба. Жалпы облысымыз бойынша кәсіпкерлер абаттандыру жұмыстарына бір миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр. Менің ойымша, кеншілер күніне орай қарағандылықтарға жақсы сыйлық болады. Осы секілді бастамаларды барлық сауда орталықтары мен супермаркеттер жалғастырып алып кетуі керек деп ойлаймын.
Өз кезегінде кәсіпкер Астанада тұрып жатқанына қарамастан,Қарағандыдағы өзі өскен ауланы да жөндеп беруге уәде берді.

Сондай-ақ ,облыс әкімі бүгін этно-саябақ аумағында орналасқан «Ақ сарай» жаңа мейрамхана кешенінің ғимаратын көріп қайтты. Бұл нысан иесі Болат Қожақпаев ғимараттың бір бөлігін тегін берді. Енді ол жерде Қазыбек би атындағы ауданның АХАЖ бөлімі орналасатын болады.

- Меніңше, егер бір затпен бөлісе алсаң, неліктен солай істемеске? – дейді кәсіпкер. – Мен өзім Қарағанды облысында өстім. Осы жердің жастары үшін үлкен өмір жолын бастауда лайықты ғимарат болғанын қалаймын. Енді жас жұбайлар өздерінің некесін әсем залда қия алады.

Алғашқы жас жұбайларды АХАЖ бөлімі осы жазда қабылдаймыз деп жоспарлап отыр. Бұдан басқа, бизнесмен саябақтағы субұрқақты қалпына келтіруді өз мойнына алды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қарағандылық кәсіпкерлердің әлеуметтік бастамаларымен қоса балалар алаңқайларын салу, балабақша ашу және жаңа саябақтарды абаттандыру туралы нұсқамалар да бар.

Басты фото: облыстық ІСБ баспасөз қызметі

Дереккөз: bnews.kz
Қарап шыққандар саны:
758
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар