Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Кәсіпкерлер кемшіліктерді жойғасын ғана Алакөлде жұмыс істей алады - Даниал Ахметов

02.06.2017 19:25:57
Кәсіпкерлер кемшіліктерді жойғасын ғана Алакөлде жұмыс істей алады - Даниал Ахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі департаменттер мен басқармалар басшыларына бизнесмендердің меморандум шарттары бойынша Алакөл жағалауындағы өз учаскелерін абаттандыруды орындауын тексеруді тапсырды.

Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып "Қазақпарат" ХАА тілшісі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылы, көл жағалауындағы көптеген объектілердің жұмысында бұзушылықтар белгілі болған. Көптеген бизнесмендер санитарлық нормаларды, өрт қауіпсіздігін және абаттандыру ережелерін сақтамаған.

Биылғы жылы облыс бюджетінен көлдің жағасын абаттандыруға 500 миллион теңге, тағы 1,5 миллиард теңге жол жөндеуге бөлінді. 

Кәсіпкерлер жергілікті әкімдікпен аумақтарды абаттандырып және өз үлестерін қосу туралы келісім жасасты . Өңір басшысы меморандумның шарттары орындалуын тексеруді тапсырды. 

"Егер абаттандырудың бірінші кезеңін аяқтауға қосымша ресурстаркерек болса, біз бөлеміз. Келесі жылы бұл жұмыс жалғасады, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Бірақ кәсіпкерлер де уәдесін орындап және өткен жылы, анықталған бұзушылықтарды жоюы тиіс".

Өңір басшысы биыл бизнесмендер заң бұзушылықты түзетпейінше, жұмысқа рұқсат алмайтынын ескертті. Бұл демалушыларға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек.

 Бүгін департаменттер мен басқармалардың өкілдері сол жерде өз қорытындыларын шығару үшін аттанады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі өткен жылы мамандар тексеру барысында көптеген бұзушылықтар анықтағанын ескертеді. 147 объектілердің 80-де қажетті құжаттар болмаған. Пайдалануға заңға сәйкес тапсырылмаған базаларға қызметін тоқтату туралы 44 нұсқама берілді. Тек төрт учаскеде абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілгені анықталған. Көптеген демалыс үйлерінде санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылуы атап өтілді.

Дереккөз: liter.kz
Қарап шыққандар саны:
474
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар