Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесін ұйымдастырушылардың екі сыйлығын алды

Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесін ұйымдастырушылардың екі сыйлығын алды

Қазақстан «Экспо Қытай–АСЕАН» көрмесіне ынтымақтастық бойынша арнайы шақыртылған серіктес ретінде қатысып отыр.
Сонымен қатар көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның ұлттық стендін ең жарқын стендтердің бірі ретінде атап өтті.
ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының губернаторы Чэнь У Kazakh Invest басшылығына «Экспо Қытай–АСЕАН» 14-ші көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «Инвестициялық ынтымақтастыққа үздік үлесі» премияларын табыстады.

«Көрме аясында қазақстандық инвестициялық әлеует ұсынылды. Біз қытайлық компанияларға Қазақстанның әсіресе «Бір белдеу – Бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық шеңберіндегі мүмкіндіктерін көрсетеміз», — деді «Kazakh Invest» ҰК Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев.
Оның айтуынша, бағдарлама аясында 27 млрд доллар сомасына 50-ден астам жоба іске асырылуда. Бұдан өзге, көрме алаңында әлеуетті инвест-келісімдер бойынша жаңа компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Kazakh Invest басшысы Beijing Silver Tiger International Investment Management басқарма төрағасы Цой Лунфэймен кездесу барысында бірлескен инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық орнату туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын айтты.
«Қор Қазақстан мен трансшекаралық ынтымақтастық аумағындағы жобаларға арнайы инвестицияларға арналады», — деп түсіндірді Мақсат Қабашев.
Оның айтуынша, қорға Қазақстанның 20-дан астам инвесторы қатысады. Kazakh Invest осы қорды басқаруға қатысады. Қор ағымдағы жылдың соңына дейін қалыптасады деп күтілуде. Қор жұмысының басты бағыттары жаңа технологиялар саласы, оның ішінде электронды коммерция және логистика саласындағы технологиялар болып айқындалды.
Оған қоса, «Экспо Қытай–АСЕАН» көрмесі аясында қазақстандық 20 компанияның өкілдері қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығы, машина жасау және тағы басқа салалар бойынша келіссөздер жүргізуде.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
9151
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.