Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстан экспорттағы шикізаттық емес тауарларының үлесін 35% дейін жеткізді

29.12.2016 20:26:28
Қазақстан экспорттағы шикізаттық емес тауарларының үлесін 35% дейін жеткізді

Шағын бизнес –өткен жылдағы ұлттық экономиканың  өсу драйвері болды. Жыл ішінде сектордағы кіріс шамамен 50% артты. Отандастарының қандай бизнеспен айналысуды қалайтынын менің әріптесім Гульнара Жандагулова біледі.

Гульнара Жандагулова,  тілші

- Рахмет, Ольга. Мен кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамуы туралы және өзім уәде еткендей Қазақстандағы туристік жылда жолдамалардың бағасының төмендеуіне ықпалы туралы айтып беремін.

Жыл соңында, желтоқсан айындағы деректерді ескермегенде, Қазақстанда 125 мыңнан астам шағын кәсіпорын жұмыс жасап отыр. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 5% артық. Белсенді түрде жаңа жобалар қолға алынған: жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар саны 21% артқан. Сектордағы кіріс 50 % жоғарылады.

Кәсіпкерлік саласындағы белсенділік бірнеше себептермен түсіндіріледі.

Бірінші кезекте, мемлекет бағдарламалар операторы – «Даму» қоры арқылы белсенді кредит берумен айналысып отыр. Мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы – кредиттер мөлшерлемелерін субсидиялау.

Соңғы 6 жыл ішінде осы сызба бойынша құны 2 триллион теңгеге жуық 8 мыңнан астам жобаға кредит берілген.

Жалпы субсидия көлемі – 135 млрд теңгеден асады. Қаңтар – қыркүйек айлары аралығында барлық шағын кәсіпорындар 15 триллионға жуық табыс тапқан. Олардың бір бөлігі салық түрінде қазынаға түседі.

ҚР ҰЭМ Даму департаментінің директоры Ғалия Джолдыбаева

- Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес негізінен қызмет көрсетуге бағытталған. Қызметтер бойынша көтерме және бөлшек саудаға баса назар аударылады. Ірі қалаларда қызмет көрсетудің осы саласы дамып отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнес те дамып келеді.

Бизнес туралы тағы айта кететін болсақ. Қазақстандық өндірушілер құны 35 миллиард долларды құрайтын тауарды шет мемлекеттерге сатқан деген сандық мәліметтерді Kaznex Invest беріп отыр.

Қазақстан экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлар үлесін 35 пайызға дейін жеткізген. Бұдан басқа, соңғы он жыл ішінде біздің кәсіпкерлер сыртқы нарықтарға баратын өнім әр алуандығын арттырды. Қазір отандық кәсіпкерлер әлемнің 117 еліне 1000 астам тауар түрлерін жеткізеді.

 «Kaznex Invest»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов

- Шикізаттық өнім алыс шетелдерге жеткізіледі, таяу шет мемлекеттер – бұл шикізаттық емес тауарлар бойынша нарықтарымыз. Сәйкесінше, қазақстандық тауарларды өткізу стратегиясын жолға қоямыз, ЕАЭҚ, ТМД, Кавказ елдері, Иран, Ауғанстан, Шығыс Қытайдың ашылып отырған нарықтарына өңделген тауарларды экспорттау бойынша дәстүрлі және стратегиялық нарықтарға баса назар аударамыз.

Екі  миллион теңге. Осындай сома «Туристiк Қамқор» қорында шет мемлекеттерде форс-мажор жағдайларға ұшыраған қазақстандық туристерді алып келу үшін жинақталған.

Алайда, бұл шет мемлекеттерге тек туристік оператордан алынған жолдама бойынша баратындарға ғана қатысты. Сонымен қатар, қор алданып қалған клиенттердің өтемақыларын да төлейтін болады. Дегенмен, қазақстандық турист зәбір көрген туристік компания қор жүйесінде болуы керек деген ұстаным бар. Бұл үшін туристік ұйым жарна төлеп, арнайы тур-кодын алуы керек. Оның болуын турист өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін тексеруі керек.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директорының орынбасары Темиргали Тырмышев

- Енді туристік операторға осы қорға арнайы жарнаны аудару міндеті жүктеледі. Аталған жарна 0,5 АЕК құрайды. Бұл жағдайда турист төлемейді, заңға сәйкес туристік оператор төлейді. Сол себепті біз туристік өнім құны жоғарылайды деп ойламаймыз. Тур-код алу туристтердің міндеті емес. Тур-код туристік операторларға беріледі.

Дереккөз: khabar.kz
Қарап шыққандар саны:
19291
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар