Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстандық даму институттары ирандық бизнеспен іскери серіктестікті кеңейтуге мүдделі

23.12.2016 14:45:55
Қазақстандық даму институттары ирандық бизнеспен іскери серіктестікті кеңейтуге мүдделі

Қазақстандық даму институттары ирандық бизнеспен іскери серіктестікті кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Қазақстан және Иранның Іскери кеңесінің үшінші отырысында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

«Холдинг, біздің еншілес ұйымдар, даму институттары жаңа келісімдер жасауға мүдделі. Біз бірлескен жобаларды қаржыландыруға дайынбыз, бұл ұзақ мерзімге қаржыландыру, капиталға қатысу, экспорт-импорттық операцияларды сақтандыру  сұрақтары және көптеген басқа нұсқалар», - деді Ерболат Досаев.

Холдинг Басқармасының Төрағасы жанасу нүктелерін табу және аталған бағыттарда өзара іс-қимылдардың нақты алгоритмдерін әзірлеу Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты сауда-инвестициялық серіктестіктің әлеуетін толық көлемде ашуға мүмкіндік беретінін басым түрде атап өтті. «Бәйтерек» холдингі, негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың  операторы ретінде, өз тарапынан «екі елдің кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге» дайын.
Және де, Холдинг басшысы сондай-ақ екі мемлекеттің банктік серіктестік шеңберінде өзара есеп айырысу жүргізуінің тиімді тетіктерін әзірлеу,  сондай-ақ екіжақты серіктестіктегі техникалық тосқауылдар мен логистикалық қиындықтарды жою сияқты сұрақтарды тезірек шешуге үміт білдірді.

Дереккөз: matritca.kz
Қарап шыққандар саны:
460
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар