Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Хоббиін отбасылық кәсіпке айналдырған фотограф

Хоббиін отбасылық кәсіпке айналдырған фотограф

Сәтті фото түсіру - фотография саласы үшін басты мәселе емес. Бұл қағиданы қайта есту үшін фотографтар атақты және өз ісінің шебері атанған жандардың шеберлік сабағына ақша төлеп қатысып отыр, маңызды нәрсені назардан тыс қалдырып жатады. Сәтті фото сыры - суретке түсіре білуде емес. Өз стилі, көз тартарлық кадрлар, шебер өңдей білу - бұл жұмыстың бір бөлігі ғана.

«Мен бұған бірнеше рет көзім жетті. Фотошеберлік бойынша көптеген семинарларға қатысып отырып, әріптестеріміздің ішінде қымбат фото аппараттарға түсіре тұра, өңдеу әдістерін қолданбай, клиентке жүздеген суретті топтап жібере салатындарды да көрдім. Менің ойымша фото нарығын фотография ережелері емес нарық ережелері басқарады. Біріншіден, фотограф өз даңқын өзі шығара алуы керек. Ол - жетістікке жетудің алғашқы қадамы», - дейді «Ersаin studio» фото салонының иесі Ерсайын Төлеуов.

Бұрынғы клиенттер

Ең тиімді насихат пен жарнаманың бірі – көңілі толған, риза болып кеткен бұрынғы клиенттер. Көп фотографтар ақшаны төлеген клиент енді клиент емес және оны ұмытуға болады, көне кадрлар сияқты архивке лақтыра салу керек деген қателік жібереді. Жақсы фотограф ісін соңына дейін аяқтайды және клиентпен байланысты жоғалтпайды. Уақытында суретін шығарып беріп, мерейтойлар мен балаларының туған күнінде құттықтап, бұрынғы клиент ретінде бонустар ұсынып тұрады. Нәтижесінде, біреу тапсырыс берушімен бір рет жұмыс істейді, ал біреулерді клиент барлық достары мен таныстарына жақсы маман ретінде де ұсынады да түсірілімдер көбейеді.

Қарым-қатынас және іскерлік дағдылар

Өздеріне сенімсіз адамдар осы салаға жиі бет бұрады. Бұл жақсы табыс табуға кедергі келтіреді. Сәтті фотограф - жақсы блогер сияқты, өте ашық. Ол керемет сөйлемеуі мүмкін, бірақ жақсы жаза алады. Ең бастысы, онымен тіл табысу оңай. Осындай қасиеттер нәтижеге тез қол жеткізуге себеп болады және клиентті сендіре алады. Жақсы адам және фотосуретші екенін білсе, клиент оның қызметтерін пайдалануға өз аяғымен келеді. Ал фотосуретші қарым-қатынасты қалай сақтау керегін біледі. Өз ісінің шебері іскер адам болып келеді, өз жақсы қырынан көрсете білу қабілеті, әдептілік және инстинкт болуы керек. Жақсы ақша табатын кәсіпқойлардың шеберлік сабағында камера мен объективті таңдау туралы немесе ретушинг әдісі туралы емес, тұтынушыны қалай қуанту туралы үйретеді.

Суретке түсіре білу 

Өз ісінің қабілетті маманы болу оңай емес. Сіз бір жыл бұрын түсірілген суреттеріңізге қайта қарап, сол кезде қаншалықты нашар жұмыс істегеніңізді және қазір қалай түзелгенініңізді түсінесіз. Осылайша бір жылда, екі жылда және он жылдан кейін көңіл толмаушылық болады. Бұл эволюцияның бір ерекшелігі - сіздің шеберлігіңізге риза болып, «қазір мен бәрін істей аламын» десеңіз қателесесіз. Бұл сіздің дамымай бір орында тұрып қалғаныңызды білдіреді. Суретке түсіруді неғұрлым ерте жастан бастап үйренген дұрыс.

Бұл кеңестердің авторы Ерсайын өз бизнесі үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында, АТФ Банк арқылы несие алып, «Даму» Қорының қолдауымен пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, несиесіне кепілдік алған.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
511
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.