Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Компанияларға оңтайландыру не үшін керек?

04.07.2017 21:31:00
Компанияларға оңтайландыру не үшін керек?

Terrasoft сарапшылары бизнес-процестегі технологиялық өзгерістер туралы

Компанияда әр түрлі бизнес-процестерді автоматтандыру бұрыннан қажеттілік болудан қалды және бірқалыпты әдеттегі құбылысқа ауысты. Меніңше, қазірдің өзінде бұл опцияны жұмыста немесе өз кәсіпорындарында қоланбайтын бизнесті елестету қиын. Компаниялар ішкі процестерде, сондай-ақ клиенттермен және тапсырыс берушілермен жұмыс істеуде тәуекелдерді азайтуға және тиімділігін арттыру тәсілдерін табуға барынша ұмтылады.Шығынды қысқартуды іздеуде, бизнес CRM және BPM жүйелерін барынша көп пайдалана бастады. Осы екі технологиялар ымырада олар қалай өмір сүреді және кәсіпорындарға қалай тез өзгеруге көмектесетіні "Стратегиядан нәтижеге дейін гипер жылдамдықта" Terrasoft жаһандық туры аясында, " "Kapital.kz" іскерлік ақпарат орталығының тілшісі материалында.

Нарыққа бағдарлану

Экономикалық жағдай бизнесті компания ішіндегі үдерістер санын оңтайландыру және автоматтандыру тәсілдерін іздеуге мәжбүрлейді, өйткені бұл жұмыс процесінде туындайтын барлық шығындарды азайтуға немесе мүлдем болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тағы да көмекке CRM және BPM — жүйелері келеді. Бастапқыда терминологиясын анықтаймыз. CRM - жүйесі бұл сатудың барлық үдерістерін және онымен байланыстының бәрін тапсырыстарды, қоңыраулар немесе клиенттерді — автоматтандыру және есепке алу бағдарламасы. Тегінде, олар нарықта бұрын пайда болды және бірқатар компаниялармен пайдаланыла бастады.

Уақыт өте келе CRM-жүйесі компаниялардың сұраныстары әсерінен өзгере бастады және қосымша функционалы пайда болды. Бүгінде көптеген CRM-жүйелері қосымша мүмкіндіктердің кең тізімін қамтиды. Мысалы, сол Terrasoft –тың bpm'online құрамында қазірдің өзінде бизнес-процестерді модельдеу және орындау бойынша функционалы бар. Басты айырмашылығы BPM-жүйелерінің мүмкіндігі өнеркәсіптегі кез келген бизнес-процессті модельдеу және орындау болып табылады. Мұндай жүйелер барлық процестер тарихы мен орындалу барысын сақтайды, сондай-ақ аяқталғаннан кейін статистикасын жинауға мүмкіндік береді.

Terrasoft сарапшыларының айтуынша автоматтандыру процесі үш адымда жүреді. Біріншіден, автоматтандыру күтіп тұрған жаңағы бизнес-процестерді тіркеп жазу. Екіншіден, қажетті софтты жеткіушіні табу және соңғы қадам — тікелей, өзін енгізу.

"Біздің пікіріміз бойынша, осындай процестерді автоматтандырудың ең тиімді жолы бұл мамандандырылған платформаны пайдалану. Бұл процесті тез автоматтандыруға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, ең бастысы, осы өзгерістерді бизнестің талабы бойынша оны тез өзгертуге мүмкіндік береді ", — дейді Terrasort техникалық директоры Александр Попов.

Нарықтың көлемі қуантады. Wise Guy Reports талдаушыларының есеп деректері бойынша, барлығы бір-екі жыл бұрын бизнес-үдерістерді автоматтандыру жүйелерінің әлемдік нарығы $4,65 млрд(2014 жылы) құраған, бірақ 2022 жылға қарай бұл сан 18,4% - ға өсіп және $17,96 млрд жетеді. Көбінесе мұндай өсім орта және шағын бизнес есебінен жүргізілетін болады, өйткені бұл екі сектор оңтайландыруға мұқтаж. Ірі компаниялар, керісінше, өндіріске осындай бастамаларды әлдеқашан енгізген болатын.  

" Ірі компаниялардың ішіндегі он стратегиялық бастамаларының жетеуі көз жұмады. Ірі ұйымдарда он стратегиялық бастамалардың жетеуі сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сандар біреуін ғана растайды: бізге барлығымызға бір қабілеті үйренуіміз керек —процестерді, міндеттерді алу қабілеті және оларды аяғына дейін нәтижеге жеткізу", — дейді спикер.

Адамдық фактор

Өндірісті оңтайландыруды, әдетте "қысқарту" сөзімен байланыстырылады. Процестердің бөлігі әр түрлі платформаларға аударылады, және кейбір қызметкерлердің өзінен-өзі қажеттілігі болмай қалады. Іс жүзінде бұл процесс тиімді орындалған жұмыстың пайызын ұлғайтуға әкеп соғады, өйткені, кез келген жұмыста мұндай адамдық фактор ұғымдарын жоққа шығаруға болмайды.

"Бизнес-процестер — бұл, ең алдымен өзара іс-қимылды басқару. BPM-да өзара іс-қимыл алмасуы қабылданған. Қызметкерлері немесе қандай да бір бөлімше немесе тұтастай алғанда контрагенттер рөлін орындауы мүмкін, бірақ жиі осы рөлді ішкі және сыртқы автоматтандырылған жүйесі, тетіктер, заттар, қандай да бір құрылғылар орындайды. Және компаниялар қанша көп болса мұндай сабақтар да және осындай өзара әрекет неғұрлым көп болады", — дейді Terrasort техникалық директоры Александр Попов.

Процестерді автоматтандыру — бұл қазір бізді қоршаған шынайылық. Әрине, әртүрлі салаларда бұл процестер ерекшеленеді. Көптеген елдер бастама процесті оңтайландыруға бағытталған болса және оның өз алдына қайда әкеп соғатынын ескеру үшін заңнама деңгейінде қарастырады.

"Ұқсас тәсілдердің біз өзара іс-қимыл жасайтын компаниялардың, клиенттердің қабылдау қабілетін қаншалықты өзгерте аларын айтар болсақ. Бірақ екінші жағынан бұл процестер жұмыстың тиімділігін арттыруға қабілетті. Шынында да, егер біз процестен адамды алып тастайтын болсақ, онда, ең алдымен жұмыс әлдеқайда тиімдірек болады", — дейді Terrasoft платформасы бойынша директоры Виталий Гдуля. 

Дереккөз: kapital.kz
Қарап шыққандар саны:
201
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар