Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Шағын бизнеске – үлкен кредиттер

28.12.2016 19:04:51
Шағын бизнеске – үлкен кредиттер

Жаңа жылда өз бизнесін ашу немесе кеңейту Сбербанк кредиттерімен жеңілдей түседі.

Шағын және орта бизнеске арналған кредиттер бойынша мөлшерлеме 1,5–5,5%. Бұдан басқа кәсіпкерлер 5 млн рубльден бастап кредит бойынша жеке мөлшерлеме ала алады.

Мөлшерлеменің төмендеуімен қатар несие ресімдеу үдерісі де жеңілдеді. «Экспресс-ипотека» және «Экспресс-овердрафт» кредиттерін алу үшін минималды құжаттар жинағы қажет, олар бойынша мөлшерлеме 15,5% дейін төмендетілген. «Сенім» кепілсіз кредит бойынша мөлшерлеме  18,5% төмендеген, «Ресей шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі» АҚ кепілдік берген жағдайда несиені 16,5% мөлшерлемемен алуға болады.

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес иелері бұрын тек ірі компанияларға ғана қол жетімді болған Сбербанк өнімдерін пайдаланады. Мысалы, «Бизнес-жоба»  ұсынысы шеңберінде банк несиегердің ағымдағы бизнесін жүзеге асыруға немесе жаңа бағытты ашуға бағытталған жобасын жүзеге асыру шығындарының 80% қаржыландыруға дайын. Осындай кредит сомасы 200 млн рубльге дейін жетеді, ал жекелеген жағдайларда – 600 млн рубльді құрайды. Кәсіпкерлерге арналған кредиттер туралы толық ақпаратты sberbank.ru сайтынан алуға болады.

Бизнесті дамыту орталықтарында кәсіпкерлер банк қызметтері мен өнімдері туралы кеңес алып қана қоймайды, кәсіпкерлік қызметке қатысты тегін тренингтен өтеді. БДО тренингтері мен семинарларының кестесі  dasreda.ru сайтында берілген.

Дереккөз: bankir.ru
Қарап шыққандар саны:
424
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар