Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Шағын бизнес 2016 жылы өсу ырғағы бойынша көшбасшы болды

28.12.2016 19:19:48
Шағын бизнес 2016 жылы өсу ырғағы бойынша көшбасшы болды

Шағын бизнес – ағымдағы жылдағы ұлттық экономиканың өсуінің негізгі драйвері болып табылады. Бір жыл ішінде сектордағы кіріс 45% артып, белсенді қызмет атқаратын кәсіпорындар саны 5% жоғарылады деп хабарлайды ranking.kz баспасөз қызметі.

Ағымдағы  жыл өсу ырғағы бойынша шағын сектордың абсолютті көшбасшы орынға шығуымен аяқталып отыр. 2016 жылғы қараша айының соңында Қазақстанда 125 мыңнан артық шыған кәсіпорындар жұмыс жасады. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 5% артық.

Шағын бизнес жаңа мүшелермен қарқынды түрде толығу үстінде -  бір жыл ішіндегі шағын кәсіпорындар саны бірден 21% жоғарылады.

Аталған өсім бір мезгілде ірі сектордағы белсенділіктің төмендеуімен қатар қалыптасты.  Тіршілік қабілетті ірі және орта компаниялар саны бір жыл ішінде 1% қысқарды, жаңа кәсіпорындардың ашылуы бірден 39% құлдырады.

 


Қазақстандағы шағын бизнестің күрт дамуы бағдарлама операторы «Даму» қоры арқылы мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке белсенді кредит берумен анықталады.

ШОК мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы – кредит мөлшерлемелеріне субсидия беру болып табылады. 2010 жылдан бастап ағымдағы жылға дейінгі кезеңде кәсіпкерлерге арналған кредит мөлшерлемелері бойынша субсидиялау үшін 1,6 триллион теңге сомасына 8,3 мың жоба мақұлданған. Субсидияның жалпы көлемі 235 миллиард теңгені құрады. Ағымдағы жылы қаңтар-қыркүйек айларында 21,8 млрд теңге сомасында немесе 2015 жылғы көрсеткіштің 82% мөлшерінде субсидия берілген.

Кредит беру арзандай түсті, банктер кредит өнімдерін сатудың өсімін бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 54% деп бағалайды.

Надпись: ҚР ҰЭМ СК деректері негізінде Ranking.kz есептеген

Бұл шағын сектордағы қызметтің қорытынды нәтижелерінен көрінеді. 2016 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында ҚР барлық шағын кәсіпорындары жиынтық түрде 15 триллион теңгеге жуық кіріс көрген. Бір жыл ішіндегі түсімнің артуы 45% асқан.

Осы кезең ішінде ірі және шағын кәсіпорындар генерация ырғағын небары 18% арттырды.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын кәсіпорындар  1,4 триллион теңге мөлшерінде кіріс алған, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,5 есе артық. Сектордағы өндірістің пайдалылығы бұл жылы 2015 жылғы 3% көрсеткіштен 10% жоғарылаған.



Дереккөз: matritca.kz
Қарап шыққандар саны:
1056
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар