Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Шағын және орта бизнесті дамытуға Кепіл қорының кепілгерлігі бойынша бес миллиард рубльден астам кредит қаражаты тартылған

30.12.2016 20:55:46
Шағын және орта бизнесті дамытуға Кепіл қорының кепілгерлігі бойынша бес миллиард рубльден астам кредит қаражаты тартылған

«Иркутск облыстық кепіл қоры» шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға арналған коммерциялық емес ұйым қызметінің нәтижелері туралы баспасөз конференциясында Басқарма төрағасы – Иркутск облысының экономикалық даму министрі Антон Логашов, Кепіл қорының директоры Диляра Окладникова, Экономикалық даму министрлігінің өңірлік кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Регина Ходоева айтып берді.

Жеті жыл ішінде Кепіл қоры 585 кәсіпкерге 2 млрд 530 млн рубль сомасына кепілдік берген. Кепілгерлікті пайдаланып олар өз бизнестеріне 5 млрд 728 млн рубль көлемінде қаржы ресурстарын тарта алды.

- Көрнекті мысал келтіретін болсақ, шағын және орта бизнеске субсидияға берілетін әрбір рубльге сегіз рубль кредит қаражаты тартылған. Біздің міндеттеріміздің бірі – кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жетімділігін шектеу ғана емес, коммерциялық банктерді серіктестікке тарту: жұмыс жасаған жылдар ішінде 28 серіктес-банкпен келісім жасалды, - деді Антон Логашов.

2016 жыл қорытындысы бойынша Иркутск облысындағы 80 кәсіпорын Қор қолдауын алып, бизнесті дамытуға 1 млрд 365 млн. руб. мөлшерінде кредит қаражатын алған. Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық даму министрлігінің бастамасы бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде кепілгерлік бойынша комиссия көлемі 2,75%, - 0,5 % дейін төмендетілген. Осындай бір реттік комиссия экономиканың басым салалары: моноқалалардың шағын бизнесі, құрылыс, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға кепілгерлік беру барысында алынады.

2015 жылы кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттарын қолдау шеңберінде сауданың үлесін 52% дейін төмендету мүмкін болған. Ағымдағы жылы ол небары 25% құрады. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының көлемі - 14,5%, құрылыс - 15%, көлік және байланыс - 5%.

- 2016 жылы салалық құрылымды саудадан өндіріске бөліп алу мүмкін болды. Иркутск облысының статистикасы бойынша қарастыратын болсақ, шағын бизнес кәсіпорындарының 62% - бұл сауда саласы. Ал кредит қаражатының 75% салалық кәсіпорындарға бағытталған. Қордың филиалдары жоқ екеніне қарамастан оның кепілгерлігін Иркутск облысының ең алыс өңірлерінің кәсіпкерлері ала алады. Жұмыс жасаған уақыт ішінде қор өкілдері Иркутск облысының барлық муниципалдық құрылымдарына барып шыққан, - деп айтып кетті Диляра Окладникова.

- Иркутск облысында бизнеске мемлекеттік қолдау көрсететін ұйымдар бәсекелестер емес, серіктестер болып табылады. Мысалы,құрылған өңірлік Микрокредит қоры – 3 млн рубльге дейін несие алатын кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетуге арналған қаржы құралдарының бірі. Кепіл қорында ақша қаражаты тікелей берілмейді, алайда, ол кепілді қамсыздандыру алады, - деп хабарлады Регина Ходоева.

Өңірде дамыған мемлекеттік қолдаудың барлық жүйесінен басқа (Экономикалық даму министрлігі, Иркутск облысының даму корпорациясы, «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы» қоры, Кепіл қоры, Микрокредит қоры және т.б.) Иркутск облысындағы кәсіпкерлерге федералды деңгейде Шағын және орта кәсіпкерлік корпорациясы қолдау көрсете алады.

2016 жылы ШОК корпорациясы Иркутск облысымен келісім жасасқан. Кепілгерлік көлемі 42 млн рубльден асқан жағдайда қаржылық және кепілді қолдауды ШОК корпорациясы көрсететін болған, өңірде мұндай қолдау Сарма, Фармасинтез және басқа да компанияларға көрсетілді.

Иркутск облыстық Кепіл қорының шағын және орта бизнесті қолдау тәжірибесі Ұлттық Кепілді жүйе стандарты шеңберінде жүзеге асырылады. 2016 жылғы жұмыстар нәтижесі бойынша Иркутск облысында Кепіл қоры ҚЕСЧ кепіл беру бойынша 2 орынды иеленген. Бұдан басқа Иркутск облыстық Кепіл қорының мамандары дайындаған кепілгерлік келісім-шарты РФ барлық субъектілеріне үлгі ретінде таратылған.

Дереккөз: irkobl.ru
Қарап шыққандар саны:
19791
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар