Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ұлттық банк БЖЗҚ ақшасын Қазақстанның ШОБ дамытуға салады

27.12.2016 21:42:10
Ұлттық банк БЖЗҚ ақшасын Қазақстанның ШОБ дамытуға салады

ҚР  Ұлттық банкі зейнетақы активтерін басқарудың жаңа стратегиясының тұсауын кесті. Жұмыс жасаған уақыт ішінде стратегия өзінің тиімділігін көрсетті деп есептейді реттеуші өкілдері деп хабарлайды Today.kz

Ресми деректерге сәйкес, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 1 желтоқсанда 6,640 триллион теңгені құраған. Кәрілік жинақтарының кірісі бір жылға толмайтын уақыт ішінде теңдес кезеңдегі 7,5 пайыз инфляция деңгейі жағдайында 8,15 пайызды құрады.

Мұндай нәтижелерге  ШОБ инвестициялары есебінен қол жеткізу мүмкін болды.

«ШОБ қаржыландыруға жұмсалатын 200 миллиард теңге ірі мекемелер қатарына инвестицияланған. «Даму» қоры осы қаражатты ШОБ инвестициялайды. Бұдан басқа, біз Қазақстанның 15 ірі банкімен жұмыс жасаймыз. Біз олардан депозиттер аштық», - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов.

Ол «Даму» қоры банктерді шарттылық мониторингі шеңберінде тексеретінін, яғни мемлекеттік  қор қаржылық мекемелердің несие беруі тексеретінін нақтылады.

Бұдан басқа ҰБ әр түрлі ірі компаниялардың облигацияларын БЖЗҚ сатып алады.

«Бұл ірі шетелдік институционалдық инвесторлар және біздің компаниялар. Біздің компаниялар қатарында ҚТЖ, "КазАгро", БРК бар. Олар да өздеріңіз білетіндей бизнесті қаржыландырады», - деп атап өтті Нұржан Тұрсынханов.

22 желтоқсанда ҚР Ұлттық банкінің өкілдері Алматы қаласында ҰҚКД БЖЗҚ өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлаған. Мемлекеттік қор келісім-шарттарының бірі тергеушілердің күдігін тудырған.

БЖЗҚ жағдайы

Бұрын БЖЗҚ БАҚ салымшылардың шоттарынан бес миллиард теңгенің ұрланғаны туралы хабарламаны теріске шығарған болатын. «Ресми түрде зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде "Бузгул Аурум" бағалы қағаздары жоқ екенін растаймыз. Зейнетақы активтерін инвестициялауды Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары тізіміне және декларацияға сәйкес инвестиция лимиттеріне сай жүзеге асырылады», - деп хабарлаған қордың баспасөз қызметі.

21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банк «Бірыңғай жинақтаушы    зейнетақы қоры» АҚ қызметін тексеруді бастады. Тексеру БЖЗҚ акционерлік қоғамы жүзеге асыратын операциялар бойынша жүзеге асырылады. Қор жеке активтерін басқаруды өз бетімен жүзеге асыратынын айтып кетті реттеушінің баспасөз қызметі. Азаматтардың зейнетақы жинақтары «БЖЗҚ» АҚ балансынан жеке және бөлек есептеледі. Зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі мақұлдаған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады.

Дереккөз: matritca.kz
Қарап шыққандар саны:
886
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар