Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Үйлестіру кеңесінің мүшелері шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жаңа тәсілді қарастырды

28.12.2016 19:29:28
Үйлестіру кеңесінің мүшелері шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жаңа тәсілді қарастырды

Псков облысы әкімшілігі жанындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын сейсенбі, 27 желтоқсан күні Губернатор орынбасары Сергей Перников өткізді. Алғашқылардың бірі болып отырыс қатысушылары 2017 жылғы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары туралы мәселелерді талқыға салды.

Сергей Перников  2017 жылы мемлекеттің шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тәсілі өзгеретіні туралы айтты. Оның мәні мемлекет қаржылық емес қолдауға баса назар аударуына негізделеді, ал қаржы құралдарын қайтымды негізге ауыстырады.

2017 жылы Псков облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 30 млн рубль мөлшерінде  бірыңғай субсидия бөлінген және облыстық бюджеттен 2,6 млн рубль бөлінетін болады. Қаражат шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бес бағытын жүзеге асыруға бағытталатын болады: микронесие беру, Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының, Экспортты қолдау орталығының, Әлеуметтік сала инновациясы орталығының қызметін қамтамасыз ету және өңірлік инжиниринг орталығын құру.

Сергей Перников үйлестіру кеңесінің мүшелерінің назарын бизнес өкілдері жаңалықтарға дайын болуы тиіс екеніне аудартты, қолдау шараларының тиімділігі жобаны жүзеге асырудың әр кезеңінде өлшенетін болады.

Вице-губернатор шағын және орта бизнес өңір экономикасының біршама бөлігін құрайтынын және жұмыспен қамтылған азаматтар саны және өндірілетін өнім көлемі тұрғысынан маңызды болып табылады. 2016 жылы көрсетілген қолдау нәтижесінде 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5 мың жұмыс орнын сақтап қалуға және 110 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік пайда болды, 200 млн рубль сомасында жаңа құрылғыларға инвестиция тартылды, 13 экспорттық келісім-шарт жасалды, шағын кәсіпкерлер саны 10%, экспорт көлемі 4% артты.

Губернатордың орынбасары 2017 жылы «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мақсатты үлгісін енгізу басталатынын айтып кетті. Ол бір терезе жүйесін, ауыл шаруашылық кооперациясын, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қаржылық-мүліктік қолдауды, салық жеңілдіктері жүйесін, ісін жаңа бастап отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, артық талаптарды төмендетуді және басқа да бағыттарды қарастырады.

Отырыс барысында кеңес мүшелері 2013-2015 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне облыстық бюджеттен субсидия беру туралы талаптардың орындалуы нәтижелерін қарастырды. Қолдау шараларының тиімділігіне мониторинг және сәйкес тексеру бірқатар бұзылулар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, бірнеше субсидия алушылар жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі кезде алынған субсидияны бюджетке қайтару туралы мәселе қарастырылып отыр.

Одан кейін  кеңес құрамына енетін өңірдің атқарушы билік органдарының басшыларының берген ақпараттары тыңдалды. Шағын шаруашылық формаларын қолдау шараларының жүзеге асырылуы туралы Псков облысының Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару және мемлекеттік техникалық қадағалау бас басқармасының басшысы Николай Романов баяндады. 2012 жылдан бастап103 фермер (86 ісін жаңа бастаған фермерлер және 17 отбасы фермалары) 189 млн рубльден артық сомаға грант  түрінде мемлекеттік қолдау алған. Фермерлік шаруашылықтар арқасында Псков облысында 135 жұмыс орны ашылған. 2017 жылғы өңірлік бюджетте  шаруашылықты қолдау құралдары жоспарланған, бұл жағдайда гранттар мөлшері артатын болады. Бұдан басқа, кооперативтерді қолдау бағдарламасын құру қарастырылып отыр. Осы мақсат үшін бюджеттен 44 млн теңге бөлу ойластырылған. Николай Романов гранттық қолдау фермерлер арасында сұранысқа ие екенін айтып кеткен. Байқауда бір орында бес қатысушыдан таласады.

Солтүстік Батыс федералды округында жұмыссыздық деңгейі бойынша Псков облысы бесінші орында тұр. Мұндай ақпаратты Псков облысының Еңбек және халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Аржаников хабарлады. 2009-2016 жылдары жұмыссыз азаматтарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру уақыты ішінде өз ісін 5 мыңнан астам адам ашып, оның ішінде, 21% астамы өз жұмыстарын жалғастырып отыр. Халық арасында көтерме және бөлшек сауда (1,6 мыңнан астам адам) және ауыл шаруашылығы (1,5 мың адам) ерекше белгілі болып отыр. 2017 жылғы облыс бюджетінде 5 млн рубль мөлшерінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қолдау шараларын жүзеге асыру құралдары қарастырылған.

Балық шаруашылығы кешенінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау туралы Псков облысының Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасының орынбасары Татьяна Козина баяндады. Барлығы өңірде 26 балық аулау ұйымдары жұмыс жасайды, олардың барлығы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады және Ресейдегі барлық осындай кәсіпорындарға тән қиыншылықтарды сезінеді: материалдық-техникалық базаның тозуы, аулау құралдарының жетіспеушілігі және т.б.

Бұл жағдайда барлық ұйымдар бірдей мемлекеттік қолдауға өтініш бере бермейді. Псков облысындағы алушылардың максималды саны 2013 жылы тіркелген, бұл уақытта 17 кәсіпорын субсидия алған. 2016 жылы жалпы сомасы 2 млн 258 мың рубльді құрайтын 13 келісім жасалған. 2017 жылы балық шаруашылық кешенін дамытуға 4 млн рубль бөлінген.

2017 жылы жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттауға бағытталған шаралар туралы Псков облысының мемлекеттік білім беру басқармасының орынбасары Александр Егоров баяндады. Мұнда «Сен-кәсіпкер» федералды бағдарламасы туралы сөз болып отыр, аталған бағдарлама 3 жыл бойы Псков мемлекеттік университетінде, Псков бизнес-инкубаторында және Псков облысының кепілдік және кәсіпкерлікті дамыту қорында жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы бағдарлама 500 мың адамды қамтыған, 150 астам адам оқып, 16 шағын және орта  кәсіпкерлік субъектісі құрылған.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін үйлестіру кеңесінің мүшелерінің шағын және орта бизнес мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйымдар атынан жұмыс жасайтын мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды. Кездесу қатысушылары шағын кәсіпорындар кооперациясы тақырыбын талқыға салып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нақты секторға тарту және жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қажеттілігі туралы айтты. Бұдан басқа дайын жобаларын жүзеге асыруға қабілетті әлеуетті кәсіпкерлер іздеу жұмыстарын үйлестіру қажеттілігі айтылды. Қорыта келе Сергей Перников үйлестіру кеңесінің мүшелерін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар айтуға шақырған. Кеңестің келесі отырысы 2017 жылы ақпан айында өтеді.

Дереккөз: luki.ru
Қарап шыққандар саны:
979
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Жақындағы оқиғалар