Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

ОҚО шаруа қожалықтарының табысты бірлестігі

29.09.2017 14:03:25
ОҚО шаруа қожалықтарының табысты бірлестігі

Ағымдағы жылдың басынан бастап Мақтарал ауданы Қазыбек ауылдық округінде орналасқан "Береке-мақта"  өндірістік кооперативі үлкен табысқа қол жеткізді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылы кооператив 5740 гектар жерге мақта егіп, әр гектарынан 24-25 центнерден өнім алды. Мақта  теру жұмыстарына бүгінде 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Терілген мақтаның әр келісіне 25 теңгеден төленуде.

"Мақта теру жұмыстарына жұмылдырылған әр адам күнделікті 5-6 мың теңге тауып отыр. Жұмыс аса қиын емес. Мақта терімі кезінде табыс табуға мүмкіндік берген кооператив басшыларына алғыс айтқым келеді", - дейді Қазыбек би ауылының тұрғыны Муктабар Ырзиметова.

Кооперативте 188 дана техника бар. 2016 жылы кооператив "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығынан 25 миллион теңге, ал биылғы жылы 100 миллион теңге несие алыпты. Кооператив төрағасы бірігудің арқасында осы мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.




"2016 жылы Қазыбек би ауылдық округіндегі 794 шаруа қожалығы бірігіп, кооператив құрдық. Осылайша, әр шаруа қожалығына тиесілі жерлерді біріктірдік. Бірігудің арқасында биылдың өзінде лизингке 12 жаңа трактор алдық. Жанар-жағармай мен тыңайтқыштарға да жеңілдетілген бағамен қолжетімді. Алдағы уақытта егістік көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, осылайша табысымызды еселей түсеміз", - дейді кооператив төрағасы Мұрат Құрбанов.

Айта кетейік, 2016 жылы құрылған кооперативтің 6 832 гектар жері бар. Оның ішінде 5 740 гектар мақта егуге, 660 гектар бақшаға, 2 гектар көкөніс егуге, 40 гектар жаңа жоңышқаға, 150 гектар ескі жоңышқа, 229 гектар дәндік жүгері, 11 гектарға сүрлемдік жүгері егілген.

Дереккөз: kapital.kz
Қарап шыққандар саны:
2123
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар