Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Олкон» өңірдің шағын және орта бизнес кооперациясын дамытып отыр

27.12.2016 21:45:26
«Олкон» өңірдің шағын және орта бизнес кооперациясын дамытып отыр

Оленегорск кен байыту комбинаты 2016 жыл қорытындысы бойынша өзінің Мурманск облысының кәсіпорындарымен серіктестігін арттырды. Егер 2015 жылы «Олконға» тауарлар мен қызметтерді өңірде 89 кәсіпорын жеткізген болса, 2016 жылы олардың саны 97 жетті. Ағымдағы жылы комбинат олардан 398 млн рубльге тауарлар мен қызметтер сатып алған.

Жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға Мурманск облысының губернаторы Марина Ковтун баға беріп, «Олконның» Оленогорск механикалық зауытымен серіктестігі туралы айтып кетті. «Оленегорск механикалық зауыты бастапқыда біздің тау-кен өнеркәсібінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кәсіпорын ретінде ашылған. Бүгінгі таңда ОМЗ және «Олкон» өзара жанасу нүктесін тапқан, ол өңірлік жақындықпен ғана емес, басшылықтың қалауымен де анықталған. Мен үдерістің бастапқы нүктесінен жылжығанына өте қуаныштымын. Екі жыл бұрын мұндай өзара әрекеттестік болмаған. Қазіргі кезде ол жолға қойылған және ОМЗ үшін кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен

«Олкон» және ОМЗ өзара әрекеттестігі импорталмастыру тұрғысынан да байқалды. Аз уақыт бұрын механикалық зауыт комбинатқа арнап, экскаватор тістеріне арналған толымдаушылардың сынама топтамасын шығарған. ESKO импорттық жүйесінің отандық «монотіс» құрылымына ауысуы комбинатқа импорттық экскаваторлар шөміштерін 40% жабдықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жылына 12 млн рубль үнемдеуге  болады.

Өңірдегі мердігер ұйымдар «Олконға» негізінен әр түрлі құрылғылар түрлерін жөндеу, толымдаушыларды дайындау, жаңа агрегаттарды монтаждау бойынша қызметтер көрсетеді. Мысалы, жаңа концентратты құрғату бөлімінің құрылысына өңірдегі «ТрансЭнергоСервис», «Мастерстрой», «Зеленый сад», «Стройтекс» секілді ұйымдары қатыстырылды.  

«Оленегорск кен байыту комбинаты өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға мүдделі. Осы жылы «Олкон» қолдауымен Оленогорскіде қалалық даму агенттігі ашылды, ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге әлеуетті тапсырыс берушілерді табуда көмек көрсетеді. Ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнеспен бизнес-корпорациялары жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңір бюджетіне тұрақты түсімдерді қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Олкон» бас директорының міндетін атқарушы Алексей Щербаков.

Дереккөз: b-port.com
Қарап шыққандар саны:
381
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар