Омбыда солтүстікқазақстандық компаниялардың сауда нүктелері ашылады

Омбыда солтүстікқазақстандық компаниялардың сауда нүктелері ашылады

"Заңсыз тасымалдаушыларды жою бойынша ішкі істер департаментімен бірлескен жоспар қабылданған, оларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Әлеуметтік бағыттарда тарифті төмендетуге және бұл бағыттарды заңсыз тасымалдаушыларға тиімсіз ету үшін облысішілік тасымалдауды субсидиялауға 30 млн. теңге бөлінді. Бұрын тек ауданішілік бағыттар субсидияланған болатын", - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Несиелік ресурстардың қол жетімділігі мәселелері бойынша ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде, бағдарламаға қатысатын қаржы институттары белсенді жұмыс істеуде. Облыста қазірдің өзінде 1,7 млрд. теңгеге 386 шағын несие берілді. Жыл соңына дейін бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін барлық ниет білдіруші шағын несие алады. Бұрын электр-, жылумен қамтамасыз етуге қол жеткізу бойынша техникалық шарттар алу мәселесі айтылған.   Мәселенің өзектілігін ескере отырып, "СҚ ЭТК" АҚ электр энергиясын қосуға арналған техникалық шарттарды ЭЦҚ арқылы электронды түрде беруді жылдың соңына дейін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы " СҚ ЭТК" АҚ бас директоры Анатолий Казановский мәлімдеді. Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілерінің тараптары бірыңғай электрондық интерактивті карта әзірлеу үшін жергілікті атқарушы органдарға "СҚ ЭТК" АҚ электр желілері мен  "Петропавл жылу желілері" ЖШС-нің жылу жүйелері схемалары туралы ақпаратты өтеусіз негізде ұсынуды жоспарлап отыр.
Кездесу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтылды. Осы жылдың қазан айында Омбы қаласында солтүстікқазақстандық компаниялардың сауда нүктелері ашылады. Аймақ басшысы бренд қалыптастыруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқтығына назар аударды. Тауар нарықта өзін танытып және солтүстікқазақстандық тауар өндірушілерді абыроймен ұсынатын болады.



СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов өңір басшысымен мұндай форматтағы кездесуді салалық бағыттар бойынша өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, отырыс барысында кәсіпкерлер өздерінің жобаларымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Отырыс қатысушылары өздерін толғандыратын мәселелерді айтуға және аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа ауыл шаруашылығы, құрылыс және өнеркәсіп өндірісінің дамуы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, кездесуде бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілердің тақырыптары көтерілді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
8754
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.