Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша 29 орынды иеленеді

30.12.2016 21:00:26
Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша 29 орынды иеленеді

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың оң үрдісі байқалады. Астанада 2015-2016 жылдардағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық есеп қорытындысы жасалды. Зерттеуді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесе отырып жүргізді. Сауалнама Қазақстанда қоғамның бизнеске қызығушылығы біршама өзгергенін көрсетті. Респонденттердің 69 % жуығы кәсіпкерлікті жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын табыс көзі ретінде қарастыратынын көрсеткен. Қазақстандықтардың 52 % астамы өз бизнесін ашу үшін жеткілікті қабілеті бар екенін айтқан. Әлеуетті кәсіпкерлер арасында жастар басым болып отыр, ал ең белсенді 25-34 арасындағы адамдар. Бұл жағдайда Қазақстандағы өз бизнесін жаңа бастап отырғандардың ең үлкен үлесі - 46% астам көтерме және бөлшек сауда секторында шоғырланған.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДИНАРА АКЫНБЕКОВА:

2015 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлік белсенділік деңгейі жағынан 60 орынның 29 иеленді. Бұл біршама жоғары көрсеткіш. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Қазақстандағы еңбек етуге қабілетті халықтың 11% болашақта кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ниетті. Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Малайзия секілді мемлекеттерде бұл көрсеткіш 7% құрайды. Кейде 4% жетеді.

Сарапшылар Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдауға барлық жағдай жасалғанын айтып отыр. Республикада жаңа бизнесті ашуға қажетті үдерістер жеңілдетілген, салықтық жүктеме азайтылып, мемлекет шағын және орта бизнеске қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетіп отыр.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ АСЕЛЬ УВАЛИЕВА:

Дүние жүзілік банк Қазақстанды кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған реформалар бойынша әлемдегі ТОП-10 мемлекеттің қатарына қосады. Бұл тізімде Қазақстан екінші орында тұр. Бұл жоғары көрсеткіш деп ойлаймын. Біздің талпынатын нәрсеміз көп.

Мониторинг нәтижелері бойынша сарапшылар бірқатар нұсқаулар берген. Атап айтқанда аналитиктер пікіріне сәйкес, озық технологияларды университеттерден шағын және орта бизнеске беруді жеңілдету және ШОБ қаржыландыру көздерін кеңейту керек.

Дереккөз: kazakh-tv.kz
Қарап шыққандар саны:
1882
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар