Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

ҚР-да 2016 жылы қонақ үйлер мен мейрамханалардың табысы 6 есе өсті

02.06.2017 19:20:30
ҚР-да 2016 жылы қонақ үйлер мен мейрамханалардың табысы 6 есе өсті

Бағалардың көтерілуі аясында кәсіпорындың таза пайдасы жылына 56 миллиард теңгені құрады

Бұл саланың жиынтық кірістері 2016 жылы 29% - ға өсті, деп хабарлайды finprom.

Мейрамхана-қонақ үй бизнесі шығынды болған 2015 жылдан кейін белсенділіктін жаңа толқынын бастан кешуде. 2016 жыл қорытындысы бойынша тұру және тамақтану қызметтерін көрсететін ірі, орта және шағын кәсіпорындардың жалпы көлемдегі таза пайда үлесі 56,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы таза нәтиже сомасынан шамамен 6 есе көп, немесе 46,6 миллиард теңге.

Аса ірі және орташа қонақ үй және мейрамханалар өткен жылы табысты жұмыс істеді, – қаңтар-желтоқсанда оларға 50,5 миллиард теңге таза пайда табу мүмкіндігі туды, ол бір жыл бұрынғыдан 2 есе көп,.

Қонақжайлық көрсету саласындағы шағын кәсіпорындар, сондай-ақ, үлкен мөлшерде болмасада 2016 жылы 5,9 миллиард теңге пайда тапты. 2015 жылы шағын секторда тіркелген шығын 17,2 миллиард теңгені құраған.

Өткен жылы қазақстандық мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындардың кірістері күрт өсуі қолдауымен шықты. 2016 жылға жалпы түсім 517,6 миллиард теңге болды немесе 2015 жылдан 29% - ға артық.

Осылайша, қонақжайлылық секторында кірістер 2015-2016 жылдары көбінесе бағаның өсуін тиісті қолдаумен өсе түсті. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстандағы баға 13,6% - ға, ал 2016 жылы – 8,5% өсті. Оның ішінде ақылы қызмет көрсету құны 2015 жылы 8,1% - ға, 2016 жылы – 6,1% дейін қымбаттады.

Саланың негізгі кірістер бөлігін кәсіпорындардың бейіндік қызметі жинақтап 79%, немесе 409,6 млрд. теңгені құрады. Алайда, бұл үлес азайуда, 2014 жылы қызметтер сатудан түскен пайда кірістердің 85% қалыптастырса, 2015 жылы – 81%. Осылайша негізгі қызметтен түсетін кірістер түсімдердің басқа да көздеріне қарағанда баяу өсуде.

2016 жылы негізгі қызметтер саласынан түсетін кірістер 25%, ал өзге де табыстардың ағыны бірден 51% өсті.

Әсіресе бизнес иелерінің қонақ үй немесе мейрамхана кәсіпорындарының өсуін қолдау үшін салымдар белсенділігі ірі сегментте байқалады, 2016 жылы ірі және орта кәсіпорындарда сатылым түсімі 32,3 миллиард теңге болса, өзге де кірістер көлемі 20,6 миллиард теңгеге өсті.

Кіші секторларда осындай табыстар ағыны жылына 7,3 миллиард теңге болса, негізгі қызметтен түскен пайда 50,6 миллиард теңгеге өскен.

Дереккөз: liter.kz
Қарап шыққандар саны:
296
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар