Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

SAP TechEd 2016: Бизнеске «сандық ядро» қажет

09.12.2016 16:42:28
SAP TechEd 2016: Бизнеске «сандық ядро» қажет

Қарашаның басында Барселонада SAP компаниясы өзінің басты SAP TechEd технологиялық  конференциясын өткізді, оның барысында жыл сайын ең жаңа технологиялар, компания дамуының трендтері мен басты бағдарлары талқыланады, сондай-ақ, SAP шешімдерінің жаңа нұсқалары таныстырылады. Атап өтетіні, осы жылы іс-шара өзінің 20 жылдық мерейтойын тойлайды. 1996 жылдан бастап  SAP TechEd үздік технологияларға, оларды зерттеуге және тәжірибемен алмасуға «жаппай» бас қою үшін бүкіл  әлемнен энтузиасттарды жинайды. TechEd — бұл кең ауқымды үшкүндік оқиға, оның құрамында 900-ден астам жеке дәрістер, демо-шаралар, жеке талқылаулар мен тақырыптық сессиялар бар.

Биылғы жылы  SAP TechEd заттар интернеті, машиналық оқыту, үлкен деректер, талдаушылар белгісімен өтті. SAP өкілдері жауап беруге тырысқан басты сұрақ— осының бәрі компанияның әлемдегі бизнесін қалай өзгертеді, ағымдағы трендтерді пайдалану үшін қандай шаралар қабылдау керек. Басты секцияның және кейінгі тақырыптық сессиялардың спикерлері  сандық трансформациялар туралы көп айтты — бұл заманауи компаниялардың өтуі тиіс жол. Бизнеске «сандық ядро» керек, деп сендіреді SAP өкілдері.

Сандық трансформацияның басты элементтерінің бірі — SAP S/4HANA. Негізгі екпін бизнес-үдерістердің инновациясына қойылады,  оған  S/4HANA тікелей қатысы бар. Аталған тақырыпқа конференцияның едәуір бөлігі арналды. SAP келесі SAP S/4HANA Enterprise Management Cloud, SAP S/4HANA Professional Services Cloud, SAP S/4HANA Marketing Cloud сияқты түрлі  салалы шешімдер жинағын ұсынады,  олар тапсырыс берушілердің «сандық жол карталары»  үшін айтарлықтай оңтайландыру  және инновациялар қамтамасыз ету үшін жасалған.

Сандық трансформация бизнес-үлгілер мен үдерістерді өзгертеді, және SAP компанияларға «сандық жолда» туындайтын проблемаларды шешуге көмектеседі.

Бизнеске арналған SAP S/4HANA 1610 платформасының жаңа нұсқасы деректерді өңдеудің оңайлатылған үлгісіне және SAP Fiori 2.0 мүмкіндіктеріне ие. Үлгілерді тану, машиналық оқыту және платформаның басқа да технологиялары  пайдаланушыларды кертартпа операциялардан құтқарады.   SAP S/4HANA 1610 функционалы келесі мүмкіндіктерді береді:  жеткізілімдердің қолжетімдігін және жоспарлауды тексеру, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, және, нәтижесінде, табысты ұлғайту. Мысалы, жеткізілімдерді жоспарлау кезінде жүйе өнімнің ықтимал тапшылығы туралы ескертеді немесе нарықтың қандай сегменттері анағұрлым табысты болатынын көрсетеді. Жаңартылған  SAP S/4HANA саланың ерекшеліктерін ескере отырып, компанияларға сандық трансформацияға ауысуға мүмкіндік береді. S/4HANA 1610-ға екі жаңа сала енгізілген  — IS Oil және IS Retail. Бөлшек сауда үшін өнімді басқару бойынша мүмкіндіктер кеңейтілді, түрлі көздерден алынған деректер негізінде бизнес-шешімдер қабылдау үдерістерінің ашықтығы артты. Мұнай-газ саласы үшін көміртек өнімдерді басқару, түгендеуді және шынайы уақыт режимінде жеткізілімдер тізбегін жоспарлау  бойынша жаңа функциялар әзірленді. Сондай-ақ жаңа нұсқада SAP S/4HANA Finance шешімінің барлық соңғы функционалы бар. Компаниялар оңайлатылған  ИТ-ландшафт және шынайы уақыт режимінде егжей-тегжейлі есептілікке тез жету есебінен өзінің қаржылық үдерістерін трансформациялай алады.

SAP TechEd 2016 тағы бір ерекше анонсы  SAP HANA — SAP HANA 2 платформасының жаңа буынының шығуы болды, ол бизнесті сандық трансформациялау, деректерді басқару, интеллектуалдық талдама, қосымшаларды әзірлеу  үшін кеңейтілген мүмкіндіктер алды, сондай-ақ қолжетімді микросервистермен толықтырылды.

«SAP 2010 жылы SAP HANA іске қосумен in-memory технологиялар саласында ізашар болды. Оның көмегімен біз тапсырыс берушілеріміздің бизнесін трансформациялауды ынталандырдық. Келесі буынның  SAP HANA 2  платформасын шығару  — бұл табысты сандық келешекке бару жолындағы маңызды қадам», — деп мәлімдеді конференцияның ашылуында  SAP SE басқарма мүшесі Бернд Лейкерт (Bernd Leukert).

Платформаның жаңа функциялары арасында мәлімденгендер:

— Деректер базаларын басқару — қолжетімдіктің, қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейімен бизнес-үдерістердің, жұмыс жүктемелерін басқарудың және жақсартылған басқарудың  үзіліссіздігі
— Деректерді басқару — интеграциялау, сапаны жақсарту және көпдеңгейлі сақтау көмегімен олардың орналасқан жеріне қарамастан деректерді пайдалану. SAP Enterprise Architecture Designer Web  қосымшасының жаңа нұсқасы күрделі ақпараттық сәулеттерді басқаруға және жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін енгізбес бұрын көруге мүмкіндік береді.
— Интеллектуалдық талдама — мәтіндік, кеңістіктік, графикалық және ағындық деректерді өңдеудің жақсартылған мүмкіндіктері
— Қосымшаларды әзірлеу — қосымшаларды, аспаптар мен әзірлеудің өз тілдерін жасау және енгізу үшін API  файлдардың кеңейтілген функциялары және жаңа процессоры.

SAP HANA-та жаңа қолжетімді микросервситер де пайда болды, олардың есебінен пайдаланушылар жаңа талдамалық мүмкіндіктерді, API оңайлатылған процессорды, сондай-ақ әзірлеменің кез келген тілі немесе платформасын қолданып, қосымшаларды жетілдіре алады. Жаңа платформа компанияларға сандық әлемнің өзгерістеріне тезірек бейімделуге көмектеседі, ал оның функциялары деректерді жақсартылған басқаруды қамтамасыз етеді.

Көргеніміздей, SAP негізгі екпінді қолжетімдікке береді  — компанияның барлық дерлік  инновациялары мен бастамалары HANA Cloud Platform-мен байланысты. «Бұл өте маңызды — қосымшаны сіздің әлеміңізге біріктіру. Машиналық оқытудан заттардың Интернетіне дейін, бұның бәрі SAP HANA платформасында қолжетімді болады», — деп атап өтті Бернд Лейкерт.

SAP Hybris-ті жеке атап өту керек. Бұл платформа электрондық коммерцияны дамытуға арналған.  SAP TechEd 2016 шеңберінде біз Карстен Томамен (Carsten Thoma) кездестік, ол  платформа туралы және SAP оған қандай маңыз беретіні туралы айтып берді.

— Hybris туралы айтып берсеңіз, ол қандай шешім?

— SAP Hybris — бұл клиенттермен өзара іс-қимыл бойынша барлық міндеттерді қамтитын  шешімдер кешені. Біз оны «оңайлатылған фронт-офис» деп атаймыз. SAP Hybris пайдаланушыларға омниканалдық шарттарында тұрақты пайдалану үшін қажеттінің бәрін ұсынады: кез келген үдеріс туралы, кез келген сәт туралы дұрыс ақпаратты шынайы уақыт режимінде береді.

— Бұл шешімнің басымдықтары қандай, неліктен сіздің клиенттер бұл шешімге мүдделі болады?

— Біз үшін «клиенттер қызығушылық көрсете ме» деген сұрақ тұрған жоқ, іс жүзінде, олардың таңдауы жоқ. Қараңыз, тұтынушылардың мінез-құлқы мен әдеттері қалай қатты өзгерді,  B2B сегментте  қатынастар қалай өзгерді — брендтармен, жабдықтаушылармен және нарықтармен «жанасу нүктелерінің» саны бірнеше есе артты. Мысалға, сіздің ДК немесе ұялы телефондағы  digital-каналдарды алайық, немесе өте үлкен ықпал ететін және тіпті СМС арқылы көптеген компаниялардың брендтерін қабылдауды, коммуникацияларды өзгертетін әлеуметтік желілерді алайық.  Технологиялар арқасында тауарларды физикалық дүкендерде сатып алудың өзгерген үдерісін алыңыз  — сатып алушымен өзара әрекет соншалықты көпқырлы болады! Көпшілік тұтынушылар қазір digital не екенін өте жақсы біледі, заманауи технологияларды белсенді пайдаланады, сондықтан брендтерге өздерін өз клиенттерімен абсолютті жаңа реалиялар мен коммуникация тәсілдеріне дайындау керек болады.

Біздің шешімнің ерекшелігі мынада, біз ритейл-үдерістерді басынан аяғына дейін сүйемелдей аламыз: біз маркетингтік деректер, тұтынушылардың мінез-құлқы туралы ақпарат, іс-шаралар туралы ақпарат бере аламыз, біз бұл деректерді сату саласында, сервис немесе маркетингте нақты және уақытылы қолдану үшін  пайдалана аламыз. Лайық уақытты таңдау — бұл өте маңызды мақсат. Себебі өзіңіз білесіз, көп маркетингтік имейлдер алған кезде адамдар ашуланады және оларды ашпастан жояды. Сондықтан сатып алушы нақты бір сәтте неге қызыққандығын түсіну, оның көңілін қалай аударуға болатынын білу маңызды. Сіз осыны түсінген сәтте, тұтынушы өнімді сатып алғанға дейін келесі қадамдарды қабылдау керек.

— SAP Hybris –ті қалай танымал етпекші? Платформаны алға жылжыту үшін не істелді?

— Бұл өнімнің танымалдылығының өсуі және біздің клиенттердің аталған технологияны қабылдау және енгізу жылдамдығы, ең алдымен, ішкі «кемелденуге» байланысты болады. Сіз омниканалды шешім қабылдағанда, сандық трансформациялау жағына қадам басқанда, басты кедергілер мысалы, бағдарламалық жасақтамада емес, ұйымның ішінде болады. Компаниялар дайын болғанда, ұйым ішіндегі мәдениет сәйкес болғанда, инновациялық технологияларды енгізу әдетте табысты өтеді. Сіз өткен екі-үш жылда бәрі қалай жылдам өзгергенін байқаған шығарсыз. Компаниялардың көпшілігі өз стратегиясына,  омниканалдыққа және сандық көруге кеңінен қарай бастады. Біз тұтас индустриялар қалай өзгергенін, қалай кемелденгенін көріп отырмыз. Әрине, біз де алға жылжу үшін қадамдар жасаймыз, алайда ең алдымен клиент өзі трансформацияға дайын болуы керек. Қазірдің өзінде біз өзгерістер көріп отырмыз: біз клиенттермен өз ойымызды үш жыл бұрын бөліскен кезде, бар-жоғы бірнеше компания ғана іс жүзінде осы өзгерістердің қаншалықты маңызды екенін түсіне білді, — қазір олардың саны 50%-дан астам. Сондықтан біз табиғи эволюцияны бақылап отырмыз.

SAP TechEd 2016 конференциясы тек ИТ-саласы үшін ғана емес, сонымен бірге бизнес үшін де маңызды оқиға болды. Бүкіл әлем бойынша компаниялар  бұрыннан бері өз бизнесі туралы, оның жаңа, сандық деңгейге шығуы туралы ойлануда. Және SAP табысқа жету үшін қай жаққа жылжу керектігін, қандай трендтер компания қызметіне әсер ететінін, заманауи трендтер бизнес-үдерістерді қалай өзгертетінін көрнекі түрде көрсетті..

Дереккөз: i-news.kz
Қарап шыққандар саны:
711
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар