Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Табысты зергерлік бизнесті қалай құруға болады?

04.07.2017 21:37:00
Табысты зергерлік бизнесті қалай құруға болады?

Надежда Чипирова ұлттық әшекейлер дайындау шеберханасының артықшылықтары және кемшіліктері туралы айтып берді.

Оның кеңсесінде кең және тіпті тынысың кеңейеді. Қабырғалары жылы сүтті кофе түсіне боялған, ал терезеден жұмсақ бесін жарығы түсіп тұр, сондықтан кеңсе ішінде жылы және жайлы бола түсуде. Барлық жерде канадалық суретші Ализа Сулееваның жарқын суреттері және көптеген зергерлік бұйымдардың суреттері ілініп тұр. Қабырғалық шкафта жартылай мөлдір пластикалық қораптарда ұқыпты салынған кептірілген гүл, өсімдіктер тұр.

"Бұл менің әуесқойлығым. Маған текстурамен және материалдармен тәжірбие жасаған ұнайды ", — дейді менің әуес көзқарасымды байқаған Tumar зергерлік бренді негізін қалаушы Надежда Чипирова. Біз жұмсақ креслоларға отырғасын ол қызығушылығы зергерлік бизнес қалай ауысқаны, қазақтың ұлттық әшекейлері неге әрқашан сәнді және жұмысқа жақсы күмісті қалай тануға болатынын айтуды бастайды. Бұнын барлығы "Капитал.kz" материалында.

Қызығушылық немесе бизнес?

Өзім есімді білгелі, маған үнемі әшекейлер ұнайтын, бірақ көбінесе дүкендердегі әшекейлер менің қиялымды қанағаттандырмайтын еді. Маған бұл әшекейде осыны қосуға, ал бұл әшекейде мынаны алып тастауға болатындай көрінетін. Бір кезде нарықта хендмейд-шеберлері пайда болды, олар әшекейді полимерлік саздан жасайтын. Бұл өте әдемі. Шығармашылық шабытпен бұнын барлығын өзім қолмен жасауды шештім, және біршама материал сатып алдым. Әрбір кішкентай саз кесегі шамамен 1200 теңге болып шықты. Мен өзім әшекейлерді дайындап, тіпті олардың фотосын өзімнің әлеуметтік желілердегі парақшама жүктей бастадым. Алдымен достарым, содан кейін достардың достары қызығушылық білдіріп әшекейлерді сатып алуды бастады. Бір кезде маған бұдан әрі дамығым келді. Өсу үшін, әшекейлерге мамандандырылған интернет-дүкен ашуға бел будым. Дүкеннен кейін осы салада маңызды бизнеспен айналысуды шештім.

Полимерден бастап бағалы металдарға дейін

Маған әрдайым қазақтың ұлттық әшекейлері ұнайтын. Әсіресе, бес білезік. Бұл үш сақина, олар жіңішке әдемі тізбекпен қолдағы білезікке қосылған. Классикалық қазақ әшекейлері тіпті мені шабыттандырады, бірақ қазіргі өмір ағымында олар аса маңызды оқиға үшін көп қолайлы. Ең болмағанда ұлттық нақыштағы көлемді сақина. Себебі оларды кеңсеге немесе күн сайын таға алмайсың. Маған сол дәстүрді және қазіргі заманды біріктіріп ерекше нәрсе құрғым келді. Солай өзімнің зергерлік брендімді құру идеясы дүниеге келді.

Осы идеямен күйеуіме бардым, барлығын көріп тұрғандай егжей-тегжейлі айтып бердім. Күйеуім маған: "Ал неге сен әлі күнге дейін ештеңе жасамадың?" деп жауап берді Осылайша, күйеуімнің қолдауымен бұл бағытта жұмысты бастап кеттім.

Дизайнды өздеріміз әзірлейміз. Жай ғана суреттерден шабыт іздейміз, мысалы. Басыңа бір идея келеді және оның суретін сол кезде салу керек. Маған барлығынан бағдарламада жұмыс жасаған ыңғайлы, нобайларды 3D суретте салу, бүкіл суретті толығымен бірден көру үшін. Бірақ, компьютер қол астында жоқ болса мен жай ғана болашақ әшекейлерді қағазда безендіремін.

Таза металл

Зергерлік ісі өте күрделі. Біз енді ғана бастаған кезде, бұл сондай қиын боларын мен тіпті ойламадым. Барлығынан жеткізушілермен жұмыс қиын болды. Себебі, нарықта сапалы металл сататындар өте аз еді. Жеткізушілермен жұмыс істер алдында біз олардан күміс үлгілерін алып, түпнұсқалығына көз жеткізу үшін спектрлік талдауға апардық. Маған маңыздысы клиенттермен адал болу, тиісінше, бұл үшін жеткізушілер менімен адал болуы керек. Бізде кейбіреулер тіпті күміс жалатқан жез сатады және бұны күміс деп сатады. Мысалы, сатуға 3 мың теңгеге үлкен алқаны күміс деп сатады. Бірақ бұл мүмкін емес! Сіз түсінетіндей айтайын, таза металл сынықтары жиналады да және оны қышқылдарда ерітеді. Мұндай процесс аффинаж деп аталады. Шығысында 999 сынама күміс аламыз.

Жұмысымен күмістің граммының құны кем дегенде 800 теңге, егер бұл қытай күмісі болса, онда 300-500 теңге.

Зергерлік істе кейбір клиенттер тіпті құнына қарамайды. Оларға маңыздысы сапалы болуы. Клиенттер кейде қандайда бір әшекейлерді өз балаларына немесе немерелеріне қалдырғысы келеді, сондықтан оларға ең бастысы барлығы сапалы болғаны. Біздің клиенттер бұл зергерлік істі білетін адамдар. Олар бір нәрсе сатып алудан бұрын қандай металл, біз оны қайдан сатып алатынымызды сұрайды. Сондықтан бізде кейбір материалды сатып алу кезінде міндеттемелер бар. Металл және тастын барлығы қазақстандық.

Шеберлерді табу

Біз тап болған ең басты мәселе, жақсы зергерлердің болмауы. Әрине, нарықта жақсы шеберлер бар, бірақ көбінесе олар тәжірибесі мол ересек адамдар, оның үстіне олар өздеріне жұмыс жасайды. Мұндай шеберлері қазірдің өзінде өз атын шығарған. Кейде шеберлер келеді, ал онымен сөйлесе бастасан ол бес жыл жылтыратып тазартуда отырғаны анықталады. Түсінесіз бе? Яғни, ол бес жыл дайын әшекейлерді жылтыратып тазартуда отырған. Егер бұл уақытта ол ештеңені үйренбесе, тіпті тырыспаса бұл көп нәрсе туралы айтады. Бізге сол зергердің бүкіл процесті білгені керек емес. Мысалы, кейбір коллекцияларға біз эмаль қолданамыз. Бізге сақиналардағы тастар бірінен соң бірі, бір жылдан кейін де, он жылдан кейін де туспегені, сондай-ақ ілгектің ұзақ қызмет етуі, ал эмальдың қараймағаны керек. Айтпақшы, Қазақстанда эмальдаушылар іс жүзінде жоқ. Сондықтан барлығын өзімізге үйренуге тура келді. Бұйымдарды эмальмен дайындау үшін зергерлер техниканын екі негізгі түрін қолданады: қалқанды және оймалы техникасын. Қалқанды техника грузин зергерлері арасында тәжірибеде кеңінен қолданыста. Техниканың мәні: негізіне жұқа сымнан өрнек қаланды, содан кейін түрлі-түсті эмальмен толтырылады. Сонымен қатар, эмальдың өзі ыстық және суық болып бөлінеді. Ыстық эмальды 800 градусқа жуық өте жоғары температурада күйдіреді. Суық эмаль бұл шыныпластик, төмен температурада күйдіріледі. Біріншіден, ол басқаша көрінеді. Екіншіден, ол уақыт өте келе түсін жоғалтады. Сонымен қатар, суық эмальдар, осындай бай түсті. Мысалы, сары түс, меніңше, улы болып көрінеді. Біз өзімізде техниканың оймалы эмальдар түрін қолданамыз, яғни металда ойма жасалады да, оны эмальмен толтырамыз. Мұндай техника дәстүрлі оюды жасауға қолайлы.

Дәстүр және қазіргі заман

Жабдықтарды және негізгі материалдарды сатып алу үшін бізге $30 мың қажет болды, бірақ уақыт өте келе біз тағыда және тағыда қаражат салдық. Нәтижесінде біздің инвестициялардың көлемі қазірдің өзінде екі жылда $50 мың. Және осы екі жылда біз осы қаражатты әлі ақтамадық. Шын мәнінде зергерлік ісі үшін бұл өте аз. Біздің жоспарларымыз бойынша, өзін-өзі ақтауды біз тек жақын бесжылдықтың арасында күтудеміз. Және бұл әлі де тез.

Нарықта өзі атын 10-15 жыл ішінде шығарған шеберлер бар. Сәйкесінше, клиенттерді де осындай уақытта табады. Сондықтан бес-жеті жыл — бұл ұзақ уақыт емес. Құрал-жабдықтарға бізге тапсырыс беруге тура келді. Оныда ішінара Қытайдан, немесе — Ресейден әкелдік. Біз пайдаланатын эмальмен аздап қиындау болып тұр. Біздің өндірісте қолдануға дәл керегі АҚШ, Ұлыбритания және Францияда сатылады.

Біздің жасағанымыз адамдарға көбінесе ұнайды. Өйткені, біз ұлттық салт-дәстүрге жүгіндік, оларды сәл қазіргі заманға бұрдық. Дәстүрді сақтау керек, бірақ тежеуге де болмайды. Иә, ұлттық әшекейлер өте керемет, бірақ біздің уақытта қазіргі заманғы талдау қажет.


Дереккөз: kapital.kz
Қарап шыққандар саны:
710
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз