Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Павлодар облысында мыңдаған жаңа бизнес жобалар жүзеге асырылды

27.12.2016 21:48:48
Павлодар облысында мыңдаған жаңа бизнес жобалар жүзеге асырылды

Павлодар облысындағы 12 кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында осы жылы мыңнан астам бизнес жобаларға қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлік бастамалары бар халыққа 13 мың қызмет көрсетілген деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Өтініштерге жасалған мониторинг қалада «Бизнестің жол картасы -2020», ал ауылдарда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламалары сұранысқа ие екенін көрсеткен.

Ертіс және Павлодар аудандарының, Екібастұз моноқаласының тұрғындары жоғары белсенділік көрсетті, мұнда кеңес алу үшін 1000 астам ісін жаңа бастап отырған және жұмыс жасап жүрген бизнес өкілдері келді.

КҚО менеджерлері жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын 600 астам жобамен жұмыс жасаған, 400 астам жаңа жұмыс орындары ашылған деп хабарлайды ӨКП баспасөз қызметі.

245 кәсіпкер өз істерін ашуға мүмкіндік алды, 175 – өз істерін кеңейтті. Мысалы, Екібастұз қаласында сұлулық салоны, дүкендер, наубайхана, ТҚКО, фотосалон,  МІҚ мал өсіру бойынша шаруа қожалығы, «Кренделек» балалар кофеханасы, макарон өнімдерін шығару цехі ашылды, Железі ауданында «Каприз» фотосалоны қызмет көрсете бастады, Павлодар ауданында газбетон мен тротуар тақташаларын шығартын шағын зауыт, сүт зауыты, ешкі сүті өндірісі, ойын-сауық орталығы, жауынды және тамшылы суару жүйесі, аралас зауты, көкөніс қоймасы жұмыс жасай бастады.

«2016 жылы біз өңірдегі бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету жұмыстарын жалғастырдық. Ауқымды жұмыс жүргізіліп, оның нәтижелері бизнес әр кезеңде қолдауды қажет ететінін көрсетті, - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов. – Біз рұқсат құжаттарын алуға, бизнесті ашуға қажетті барлық құжаттамаларды дайындауға көмек көрсетеміз. Сонымен қатар, кеңес беріп, жобаларды қолдау, бизнес-жоспарлар дайындау және кәсіпкерлер мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады».

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 735 тыңдаушы оқыған. Оқудан кейін олардың 122 өз ісін аша алған, қызмет көрсету, құрылыс, жүк тасымалы, сауда саласында жалпы сомасы 74,4 млн теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылған, 95 жаңа ЖК ашылған.

2016 жылы өңірлік Кәсіпкерлер палатасында Жас кәсіпкер мектебі жұмыс жасаған, мұнда жастар арасынан 66 ісін жаңа қолға алған бизнесмендер оқыған. Оқыту қорытындысы бойынша «Идеялар жәрмеңкесі» өткізіліп, оның барысында сараптама комиссиясы Кәсіпкерлер палатасы жобаны жүзеге асырудан бастап, бірінші кіріс алғанға дейін толықтай қолдау көрсететін үздік жобаларды іріктеп алды.

Дереккөз: inform.kz
Қарап шыққандар саны:
641
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз