Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Өскемен 2016 жылды табысты тәмамдады

29.12.2016 20:30:59
Өскемен 2016 жылды табысты тәмамдады

Өскеменде қаланың 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  нәтижелерін қорытындылады. Көрсеткіштердің көп бөлігіне қол жеткізу мүмкін болған.

Ең алдымен өнеркәсіптегі өндірістің біртіндеп өсуі қалаға металлургия және машина жасау есебінен 100 пайыздық көрсеткіш шегінен төмендемеуге жағдай жасады.

Индустрияландыру картасы шеңберінде қала бойынша 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыр, оның жалпы құны 127,2 млрд теңгені құрайды. Үш жоба ( «KazWoodGroup» ЖШС, «ТАГ-ТИН» ЖШС және «Вертекс-Восток» ЖШС) ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылған және 1,6 млрд теңге көлемінде инвестиция салынып, 115 жаңа жұмыс орны ашылған.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы ішкі өнім өсімі көлемі 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 103% кем болмаған. Ет өндірісі өсімі 13%, сүт өндірісі 8% төмен болмаған.

Құрылыс саласында барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді тапсыру 178,9 мың ш.м. тең болып, өсім 27% болған.

Бөлшек сауда көлемі де артып отыр, жыл қорытындысы бойынша Өскемен 102,5 пайыздық мөлшерлемеден төмен болған жоқ.

Шағын бизнес саласындағы белсенді кәсіпорындардың саны өткен жылғы деңгейден төмен емес – 3085 дана. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша кәсіпкерлердің 46 өтініші қарастырылып, олардың жалпы сомасы 7,1 млрд теңгені құраған, 185 жұмыс орны ашылған.

Бұдан басқа барлық деңгейдегі бюджетке түсу ырғағы қамтамасыз етілген: мемлекеттік бюджетке 157% кем емес; жергілікті бюджетке 107% кем емес.

Дереккөз: meta.kz
Қарап шыққандар саны:
9403
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар