Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Таразда кәсіпорындар саны 15 есе артты

27.12.2016 21:29:55
Таразда кәсіпорындар саны 15 есе артты

Жалпы алғанда Жамбыл облысының орталығының 2016 жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын оңтайлы деп айтуға болады, - деп айтып кетті Тараз қаласының әкімі Нуржан Календеров.

Әкімнің сөзіне сәйкес, негізгі капиталға инвестиция көлемі 48,6 млрд. теңге болды, ол жоспарлы көлемнің 134% құрайды. Шаруашылық субъектілерінің меншік қаражаты есебінен жалпы көлемдегі инвестиция 29,2 млрд. теңге, бюджет қаражаты 15,4 млрд. теңгені құрады. Қала бюджетін толықтырудағы өнеркәсіптің үлесі 22,9% немесе 161,7 млрд. теңгені құрады.

«2000 жылдың басында қалада 1 960 шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс жасаған болса, 2016 жылы кәсіпорындар саны 31 063 жетті. Бұл шамамен 15 есе артық, - деп баяндады Н. Календеров. – Оның ішінде, 25 693 жеке кәсіпкерлер, 5 380 шағын және 33 орта кәсіпорындар».

 

Қала халқының саны 362 мың адам болғанда, жан басына шаққандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 503 мыңды құрайды. Бұл жағдайда ең жоғары өндіріс көлеміне химия өнеркәсібінде қол жеткізу мүмкін болған («Қазфосфат» ЖШС).

Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің жалпы көлемінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 10 млрд теңгеден артық немесе 38,7% болады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнімдерінің үлесі 14,1 млрд теңгені құрайды, бұл жалпы өнеркәсіптік өнім көлемінің 8,7% құрайды деп түсіндірген қалалық әкімдікте.


Дереккөз: inform.kz
Қарап шыққандар саны:
319
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар