ОҚО-да кәсіпкерлердің 30%-дан астамы – әйелдер

ОҚО-да кәсіпкерлердің  30%-дан астамы – әйелдер

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт Түймебаев өңірдің бір топ іскер әйелдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы әйелдерге Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамытудағы тапсырмасын орындауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Қазіргі кезде, Оңтүстік Қазақстанда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес объектілерінің саны 175 мың құрайды. Ал кәсіпкерлердің 30 пайыздан астамы әйелдер болып табылады. Бүгін бұл көрсеткіш кәсіпкерлік қызметпен айналысатын әйелдердің белсенділігін көрсетеді», - дейді Жансейіт Қансейітұлы.

Осы жылы «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде  облыста 18 кәсіпкер-әйел 39,5 млн. теңге сомаға гранттар алғанын атап өту керек. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі еседен астам артқан.  



Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 11 айында «Максимум» ӨАО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы 386 әйел 1 млрд. 23 млн. теңге сомаға қаржылық қолдау алды. Сондай-ақ, «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының аудандар мен қалалардағы барлық филиалдарында жұмыс жүргізілуде. Орталықтардың жанынан кәсіпкерлік Мектептері құрылған, онда бастаушы кәсіпкерлер де, сондай-ақ бизнес жүргізудің жаңа тәсілдерін үйреніп, өз біліктілігін арттырғысы келетіндер де оқытудан өтеді. Орташа алғанда оқитындардың 30-дан  40% дейін  әйелдер болып табылады.