Қырғызстан Қытайға өзінің инвестициялық әлеуетін көрсетті

Қырғызстан Қытайға өзінің инвестициялық әлеуетін көрсетті

Гуанчжоудағы (ҚХР) Қырғызстанның бас консулы Мақсат Тентимишов Цзянмэнь қаласының вице-мэрі Цай Дэвеймен келіссөздер жүргізді. Сауда және экономикада ынтымақтастықты кеңейтудің нұсқалары талқылау нысанасы болды. Сонымен қатар, жергілікті іскер топтар мен шенеуніктер үшін қырғыз жағы республиканың инвестициялық әлеуеті туралы презентация дайындады. Бұл туралы SNG.Today тілшісіне Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Цай Дэвей оның қаласының кәсіпкерлеріне көрші республика туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік болғанын атап өтіп, презентацияны оң бағалады.
Бас консул сондай-ақ, Қырғызстанда виза алу процесі жеңілдетілгенін, оны енді онлайн алуға болатынын – мұның барлығы инвесторларды тарту үшін жасалғанын айтып берді.
Жалпы, қырғыз тарапы қытайлық кәсіпкерлерінің қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында бірқатар сұрақтардың  қойылуы және тараптардың Қырғызстанға ҚХР кәсіпкерлері үшін сапар ұйымдастыруға шешім қабылдауы осыған куә.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4037
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.