Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қытайлық инвесторлармен ҚР солтүстігінде "Айдаһар жүйесі" кешені салынады

01.06.2017 19:11:50
Қытайлық инвесторлармен ҚР солтүстігінде "Айдаһар жүйесі" кешені салынады

Құмар Ақсақалов ҚХР және Сингапур бизнесмендерімен кездесу өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты базасында Қытайлық инвесторлар агроөнеркәсіп паркін салуды және логистикалық жүйені іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы аймақ әкімі Құмард Ақсақаловтың ҚХР мен Сингапур бизнесмендерімен кездесу барысында белгілі болды, деп облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Kapital.kz іскерлік ақпараттар орталығының тілшісі хабарлайды.

«Бiз ет пен сүт, сол сияқты ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерiн ұқсату бойынша зор әлеуетке иемiз. Өндiрген өнiмнiң барлығын ұқсата аламай отырмыз, еттiң тек 20, ұнның 10, сүттiң 50 пайыздайын ғана өңдеймiз. Сондықтан инвесторлармен байланыс жасап, оларға барынша қолайлы жағдай жасауға мүдделiмiз. Бiз «Тайынша май» сияқты жақсы жобаны бастадық, осы жобаны жүзеге асыратын ауқымды жоспарымыз бар. Биыл майлы дақылдар аумағын 712 мың гектарға дейiн ұлғайттық. Дәндiбұршақты және жасымық алқаптарын 2,5 есе көбейтiп, 190 мың гектарға жеткiздiк. Бiздiң басты саламыз — ауыл шаруашылығы, сондықтан осы салаға байланыстының бәрiн барынша дамытатын боламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

«Тайынша май» компаниясының құрылтайшысы Цзя Хэи облыс басшысына қолдау көрсеткені үшiн алғысын бiлдiрiп, кәсiпорынды әрi қарай дамытуға арналған жоспары туралы айтып бердi. Фирманың басшылығы май өңдеу жөнiндегi зауыттың базасында агроөнеркәсiп паркiн салып, логистикалық жүйенi жолға қоюды жоспарлауда.

«Айцзю» компаниясының жобасы — логистикалық тiзбек жүйесi. Бiрiншi база — Ильичевкадағы зауыт, сосын Қазақстан шекарасында логистикалық базамыз, ал Сиань қаласында логистикалық паркiмiз болады. Сөйтiп бiз барлық үш жүйенi бiрiктiремiз, ол өндiрiс, жеткiзiп беру және Сиань қаласында сату. Бiз осы арқылы өнiмнiң сапасына, дер кезiнде жеткiзiлуiне және толық сатылуына кепiлдiк беремiз. Бұл — толық жүйе, толық тiзбек. Бiз ешкiмге де тәуелдi болмаймыз, бұл процестi өзiмiз бақылаймыз. Бұл жүйе ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол», сол сияқты бiздiң Президентiмiз Си Цзиньпиннiң «Бiр белдеу — бiр жол» бағдарламаларымен толық сәйкес келедi», — дедi Цзя Хэи.

Аталмыш жобаны «Айцзю» компаниясы «Salim Wanye» фирмасымен бiрге жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл кәсiпорын туралы «Минжонг» Қытай тамақ корпорациясының өңiрлiк жоба бойынша директоры Сэм Онг толығырақ айтып бердi.

«Корпорация құрамына 1400 компания кiредi. Қызметiнiң негiзгi түрi — тамақ өнеркәсiбi. Одан басқа, бiз тау-кен өнеркәсiбiмен, мейрамхана және қонақ үй бизнестерiмен және басқа салалармен, IТ-технологиялармен айналысамыз. Ынтымақтастық аясында «Айцзю» корпорациясымен бiрлескен жоба құрып, алдағы уақытта басқа жобаларды жүзеге асыра аламыз», — дедi Сэм Онг.

Кездесу барысында тараптар әрi қарай ынтымақтастықтың болашағын талқылап, жобаларды бiрлесе жүзеге асырудың жоспарын белгiледi.

Дереккөз: kazpravda.kz
Қарап шыққандар саны:
1191
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар