Жапондық кәсіпкерлерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Жапондық кәсіпкерлерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Токиода Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетіне арналған бизнес-семинар өткізілді.  Кездесуді Mitsubishi UFG Financial Group Inc. холдингтік компаниясы Токиодағы Қазақстан Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған. Бұл туралы  Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бизнес-семинарға холдингтің корпортивтік клиенттері болып табылатын 150-ден астам жапон компаниялары мен экономикалық ұйымдар, атап айтқанда танымал Sumitomo, Mitsui, Marubeni, Sojitz, NEC, Hitachi сияқты ТҰК мен т.б. өкілдері қатысты.
Кездесу 15 қыркүйекте өтті. Токиодағы Қазақстан Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев өз сөзінде өткен жылғы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға сапарының Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалы деңгейіне көтергенін атап өтті. Ол семинар қатысушыларына экономикалық жаңғырудың және шетел инвесторларын тартуға қатысты Қазақстан Үкіметі стратегиясының басымдықтарын таныстырды.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Басқарушы директоры Бақыт Құсайынов еліміздің инвестициялық климаты мен бизнес жүргізу үшін бағдар іздестіру барысында компания тарапынан шетел инвесторларына көрсетілетін жәрдем жөнінде айтып берді.
Алматыдағы Bank of Tokyo UFJ өкілдігінің басшысы Хидеюки Асано банк бөлімшесі қызметінің тәжірибесімен бөлісіп, жапон бизнесінің Қазақстандағы іскерлік әріптестікті дамытуға қызығушылығын атап өтті.
Toyota Tsusho компаниясының Алматыдағы өкілдігінің басшысы Нобуюки Аракава Қазақстанда ойдағыдай жүргізіліп отырған қызметі жөнінде айтып, қазақстандық компаниялармен бірлескен жобаларды одан әрі ілгерілетуге қызғушылығын білдірді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
6897
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.