Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Жас және креативті

01.06.2017 19:18:29
Жас және креативті

Қазақстанның фермерлері енді өз өнімдерін сатып алушыларды электрондық ауылшаруашылық кооперациясы платформасы арқылы іздей алады: клиенттердің онлайн-өтінімі барлық қатысушыларға, өнім түрін, тауарлардың көлемін және байланыс деректерін көрсете отырып СМС-хабарлама түрінде бірден жіберіледі.

Шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік - Единство. KZ» халықаралық жастар форумы аясында өткен StartUP battle жобалар байқауында «KazAgroTrade» жобасын іске асыруға бір миллион теңгені павлодарлық Әлфараби Ұзақ жеңіп алды.
Жас кәсіпкер, С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің магистранты Әлфараби Ұзақ алған қаражатты Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін біріктіретін электрондық кооперация платформасы болатын «KazAgroTrade» жобасына салмақшы.

Жастар форумы биыл «Жастар және бизнестің диалогы» форматында өтті. Форумға еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғыз елдерінен барлығы 200-дей делегат келді. Осымен 7-ші рет өтіп отырған Халықаралық жастар форумының негізгі мақсаты – бірлік, мәдени-рухани және интеграциялық байланыстарды нығайту. Форумды облыс әкімдігі, Ассамблеяның жергілікті филиалы, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған болатын.

Мәскеу, Омбы, Новосібір, Томбы, Алтай өңірі, Коми Республикасы және Қазақстан облыстарының өкілдері форум жұмысына қатысты.  Бұдан өзге, шараға Оңтүстік Корей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері мен жас кәсіпкерлер келген.

«ХXI ғасырдағы этникааралық дипломатия: жаңа шақыртулар, жаңа үрдістер» пленарлық отырысында қатысушылар алдында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев сөз сөйледі. Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко қарым-қатынасқа қаржыдан бөлек, Қазақстандағы қуатты экономикалық актив - бейбітшілік пен түсіністік сынды құндылықтарды да салу қажет екенін айтты. Тель-Авив университетінің (Израиль) бизнес-инкубаторының директоры Елена Донец әлеуметтік-бағдарлы кәсіпкерлік турасында ой қозғап, кәсіп тек қаражат көзі ғана болмай, технологиялық дамуға өз септігін тигізіп, қоғамға пайда әкелуді көздеуі тиіс екенін атап өтті.

Форум барысында көпшілік назарына университет стартап академиясының жас кәсіпкерлерінің жобалар көрмесі ұсынылды. Олардың қатарында белгілі жобалар: «Alau», «Rimmini», «Tafella» болса, жаңа жобалар қатарында: «QR-ГИД» алғашқы қала бойынша интербелсенді жолсілтеуші, «ITHOUSE» инновациялық оқу орталығы, «Ловец снов» тәулік бойы асханасы, «Самал» бейімделу орталығы балаларының «Преодоление» жобасы аясында жасаған қолөнер бұйымдары.

Мектеп оқушысы Софья Клочкова «ақылды розетка» ойлап тапқан. Бұл құрылғы тоқтан ажыратуға ұмытып кеткен үйдегі құралдарды ұялы телефон арқылы қашықтан сөндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көрме қонақтарын бар-жоғы 90 секунд ішінде Рубик кубигін жинайтын робот таңқалдырды. Бұл идея авторлары IT-HOUSE инновациялық білім беру орталығы 4 сынып оқушылары Әлім Бақытжанов пен Нұрдәулет Тойжан. Жас кәсіпкер Әлия Қонысбаева Tafella жобасы арқылы тәтті талқан, жаңғақ қосылған жентінен ұлттық  тәтті өнімдерін шетелдерге апаруды армандайды.

Плеханов атындағы РЭУ (Мәскеу қ.) бизнес-инкубаторының басшысы Руслан Мамедовтың баяндамасы болашақтағы мамандықтар турасында болды. Оның айтуынша болашақта орын алатын жасанды интеллектінің дамуын ескеру керек, ертеңгі күні немен бәсекелес болатынымызды бүгін ойлағанымыз дұрыс.

-Бұл өте пайдалы әрі өте қажетті форум, - деп атап өтті Руслан Мамедов. - Жастарға өз идеяларын жүзеге асырып, оны дамытуға және қаржылай қолдау табуға көмек береді. Бірақ еңбек нарығындағы білімді жетілдіру керек. Университеттегі стартап академияда өз біліміңді жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Мен мұнда оң нәтиже байқадым. Көптеген студенттердің кәсіпкерлік білімі бар, тіпті, бізде ондай жоқ. Павлодарлық әріптестерден үйренеріміз көп, оны жасырмау керек. Осы өңірдегі жастар бизнеске өте жақын екен.Павлодар – болашақ кәсіпкерлер қаласы деп 100 пайыз сеніммен айтуға болады.

Дереккөз: kazpravda.kz
Қарап шыққандар саны:
2326
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар