Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Национальный банк РК | ҚР Ұлттық Банкі
Получатели услуги:
  • Физические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
:

Қызмет көрсету орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

«Электрондық үкімет» порталы

Қызмет құны

Лицензия - 5 АЕК.  Қайта рәсімдеу - 4 АЕК көп емес. Телнұсқа - 5 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия - 30 жұмыс күн. Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күн. Көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдегенде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей. Телнұсқа - 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қосымша

Мемлекеттік қызметінің стандарты

Бизнес қызметін көрсету барысы

ЭЦҚ алу

Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
  4. Өтінішті толтырыңыз және өз  ЭЦҚ қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Лицензия алу үшін

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш.
  2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет.
  4. Жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға оқудан өткендігін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген тақырыптар тізбесін қамтитын Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасы бойынша тиісті емтихандарды ойдағыдай тапсырғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жоғары білімi бар және көрсетiлген бағдарлама бойынша оқудан өткен жеке тұлғалар үшін).
  6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасына қатысты әрбір курс бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандануы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дипломының немесе «Қаржы» мамандығы, «Актуарий» мамандануы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломының көшірмесі.
  7. Актуарийлердің (актуарий мәртебесі бар және (Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлердің қоғамының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға үшін тиісті қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) ұсынымхаты.
  8. Актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі ретіндегі мәртебесін (актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлғалар үшін) растайтын құжаттардың көшірмелері.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса)

  1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. Лицензияның телнұсқасын беру кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін

  1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

http://egov.kz/cms/kk/services/licensing/pass398_nb

Назад