Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Национальный банк РК | ҚР Ұлттық Банкі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
:

Қызмет көрсету орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

«Электрондық үкімет» порталы

Қызмет құны

Лицензия – 30 АЕК. Қайта рәсімдеу 4 АЕК көп емес. Телнұсқасы – 30 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия – 30 жұмыс күн. Қайта рәсімдеу – 3 жұмыс күн. Көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей. Телнұсқасы – 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қосымша

Мемлекеттік қызметінің стандарты

Бизнес қызметін көрсету барысы

ЭЦҚ алу

Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
  4. Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Лицензия алу үшін

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш.

2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

3. Жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі).

4. Жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттар.

5. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттар.

6. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламенті.

Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:

  • сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;
  • сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салу түскен;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын алған;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;
  • қолданыстағы сақтандырумен қамтуға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген;
  • сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандырумен қамту жаңартылған;
  • сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру рәсімдері кіреді.

7. құжаттаманы жүргізу тәртібі және клиенттерге қызмет көрсету талаптары.

Құжаттаманы жүргізу тәртібіне және сақтандыру брокерінің клиенттерге қызмет көрсету талаптарына:

  • сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы басталған кезде шағымдарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қарау кезінде құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен жүйелілігі;
  • клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялылығы режиміне қойылатын негізгі талаптар;
  • мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:
  • қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;
  • қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты адам;
  • сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);
  • клиентті мыналармен қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:
  • сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпаратпен;
  • қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпаратпен;
  • төлемдердің көлемі және тәуекелдер;
  • қызмет көрсетуді жеткізушінің және клиенттің міндеттемелері.

8. Мемлекеттік тіркеу туралы құжат, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталында қатысуына рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасы не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.

9. Тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының, заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінің жоқ екенін куәландыратын құжат. Көрсетілген талап лицензиядан айырылғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін

Егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе:

1. Еркін нысанда жазылған өтініш.

2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін

1. Еркін нысанда жазылған өтініш.

2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

3. Ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

http://egov.kz/cms/kk/services/licensing/pass397_nb

Назад