Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Национальный банк РК | ҚР Ұлттық Банкі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
:

Қызмет көрсету орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

«Электрондық үкімет» порталы

Қызмет құны

Рұқсат - 80  АЕК. Қайта рәсімдеу - 4 АЕК. Көп емес көшірмесі - 80 АЕК.

Қызмет көрсету мерзімі

Рұқсат-30 жұмыс күн. Қайта рәсімдеу-3 жұмыс күн. Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей. Көшірмесі-2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы

Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Қосымша

Мемлекеттік қызметінің стандарты

Сіз құжатты тексере аласыз 

Оқыту роликтерін қарау

Бизнес қызметін көрсету барысы

ЭЦҚ алу

Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
  4. Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар)

Лицензия алу үшін

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш.
  2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері).
  4. Құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамы, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын.
  5. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымдардың банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары бойынша қағида.
  6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтерді.
  7. Құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді.
  8. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін.
  9. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда) ұсынады.

Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі Директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы органның мүшелері туралы мәліметтерді.
  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы.
  3. Ішкі аудит туралы қағиданы береді.

Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы тармақтың 
бірінші бөлігіндегі 1), 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:

  1. Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы.
  2. Ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның  ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін).

Лицензияның телнұсқасын алу үшін

  1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін

  1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
  2. Қызметтің лицензияланатын түрінен банк операцияларының бір немесе одан да көп түрін алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе).
  3. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

http://egov.kz/cms/kk/services/licensing/pass390_nb

Назад