Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Министерство национальной экономики РК | ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
Стоимость услуги:
бесплатно
Срок оказания услуги:
3 ай

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)    
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы қолдаухат.

2. Акционерлердің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде тарату туралы шешімі.

3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқтығын растайтын құжат.

4. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба.

Қызметті алушының бухгалтерлік балансына берілген түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі.

Бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба қолдаухат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады.

5. Қызметті алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, қызметті алушының кастодиан банкінің бірінші басшысы және қызметті алушының инвестициялық портфелін басқарушы (ол болған кезде) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған, аталған ұйымдардың мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қызметті алушының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі.

6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығын растайтын құжаттар:

ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқтығы туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы хаты;
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың «Қазақстан қор биржасы» АҚ алдында берешегінің жоқтығы туралы хаты.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы қолдаухатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын растайтын құжатқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қоюға және олар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының мөрімен расталуға тиіс.

Назад