Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия алу


Электронная услуга: Да
Гос. орган:
Министерство по инвестициям и развитию РК | ҚР инвестиция және даму министрлігі
Получатели услуги:
  • Юридические лица
  • Физические лица
Стоимость услуги:
Лицензия беру - 10 АЕК Лицензияны қайта ресімдеу және телнұсқасын беру - 1 АЕК
Срок оказания услуги:
Лицензияны беру - 30 жұмыс күн Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күн Көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресiмдеу - 30 жұмыс күн Телнұсқа беру - 2 жұмыс күн

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

Келтірілген сілтемелер бойынша өту (тауарлар экспортына, тауарлар импортына лицензия алу), осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының парағында «Өтініш беру» сілтемесі бойынша өту.
Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
Берілген өтініш мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» тарауынан, хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

Лицензия алу үшiн
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны.
Лицензияны қайта ресімдеу үшiн
еркін нысандағы өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі.
Лицензияның телнұсқасын алу үшiн
еркін нысандағы өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Назад