Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Табыстылар тағылымы


Есепке жүйрік 38 жастағы Ольга Клинк талай жылдар бойы түрлі мекемелерде экономист ретінде тер төккен. Тәжірибесін шыңдаған көкшетаулық нәзік жан күш-жігерін жеке кәсібіне жұмсауды жөн санады. Әуелі ішкі нарық, сұраныс пен қажеттілік зерделенді. Таңдау жасалған соң, кәсіпкерлік жоспарды түзудің қажеттігі туындады. Оған «Даму» Қоры қол ұшын созды.
«Даму-көмек» бағдарламасы тағдырдың тауқыметін тартқан жандарға үміт отын сыйлайды. 2011 жылы қолға алынған ізгі бастаманың арқасында талай қазақстандық қолдаудың шапағатына бөленді. Олар сүйікті істерімен айналысып, тұрақты табыс көзіне кенелуде. Жомарт жандардың жанашырлығы арқасында бірі шаруасын дөңгелетсе, екіншілері кәсібін кеңейтті. Бағдарламаның шарапатын сезінген еліміздің барлық өңірлеріндегі мүмкіндігі шектеулі жандар сезінді.
Жол-көлік апатынан есту қабілетінен айрылған Мөлдір Мұханбетова тағдырдың жазуына налымайды. Жігерін жасытпаған жан қол қусырудан гөрі кәсіпкерлікте бағын сынауға кірісті. Атырау облысы Исатай ауданының тұрғыны ауылдастарына құжаттардың көшірмесін жасау қызметін ұсынуды ұйғарды. Оның көкейіндегі арманына «Жұлдыздарға қара» қайырымдылық жобасы жан бітірді. «Даму» Қорының атсалысуымен қолға алынған игі бастама мүмкіндігі шектеулі жандарға сүйікті іспен айналысып, жеке кәсіп ашуға мүмкіндік береді.
«Ерінбей еңбек етсең, ерінің асқа тиеді». Аталы сөздің өміршеңдігіне оңтүстік қазақстандық нәзік жан көз жеткізді. Табысты кәсіпорынның тізгінін ұстаған Дана Жұмабаева отандық жеңіл өнеркәсіпті қанат жаюына атсалысуда. «KAZPLAST» ЖШС еліміздегі барлық дерлік тігін фабрикаларын алуан тігін фурнитуларымен қамтып отыр. Түрлі түстегі және үлгідегі түймелердің, бекіткіштер мен карабиндердің өндірісі оң жолға қойылды. Мемлекеттің жылы алақаны кәсіпорынның тынысын кеңейтуге және қуаттылықты арттыруға жол ашты. «Даму-Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары «KAZPLAST» ЖШС асығын алшысынан түсірді.
Тасы өрге домалаған «Гофротара зауыты» ЖШС өнімін бүгінде еліміздегі өндіріс орындары кеңінен кәдеге жаратады. Жоғары сапаға негізделген цехтың күрделі және ауыр жұмысын нәзік жан ұршықтай иіріп отыр. Гүлнәр Қайдарова өндірісті аяғынан тұрғызу әйелдер қауымының да қолынан келетінін дәлелдеді. Қаржылық қысылтаяңдарға қарамастан, зауыттың жұмысы алға басты. 11 жыл ішінде өндірістің тынысы кеңейіп, жаңа желілер іске қосылды. Енді ішкі нарық өнеркәсіптің қажеттілігіне арналған үш қабатты қатты қағаздан, орамалардан, гофриленген картоннан жасалған қораптардан қағажу көрмейді. Қуаттылықты күшейтуге «Даму» Қорының бағдарламалары жол ашқан. Кәсіпкер қаржы көзімен қатар арнайы курста қосымша біліммен қаруланған.
Табыс кілтін табу үшін білім мен біліктілікті үнемі жетілдіру қажет. Оған Виталий Пан шүбә келтірмейді. Орда бұзар жастағы Алматы қаласының тұрғыны «журналистика» мамандығының қыр-сырын меңгерген. Бірақ жігерлі жанның бүйрегі кәсіпкерлікке бұрған. Виталий ойға салынбай, оның  әліппесін игеруге кірісті. Білім көкжиегін кеңейтуге «Даму» Қоры септігін тигізді.
«Еңбек етсең еленерсің, оның жемісіне кенелерсің». Қалима Жұматай өмірлік қағидасынан еш таймайды. Тапқан-таянғаны – тынымсыз төгілген тердің жемісі. Ауылда түтін түтететін нәзік жан бүгінде наубайхананың жұмысын дөңгелетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде. Оның қолынан шыққан нан мен женттің дәмі тіл үйіреді.
Әсет Сағынбайдың өзіндік қолтаңбасын жерлестері де бағалап үлгерген. «Өнерлінің қолы алтын» демекші, ақтөбелік жігіттің сүйікті кәсібі нәсібіне айналды. Тәжірибесін ұштаған жігіттің қағаздағы жоспарлары «Даму» Қорының арқасында өмірге жолдама алды. Әсет «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдаудың шапағатын сезінді.
Бүгінде жеке кәсіппен айналысып, оны дөңгелетіп алуға талпынатын жастар аз емес. Тек арагідік білім көкжиегінің таяздығынан, нысанасы дәл тәжірибенің жоқтығынан табысқа кенелудің өзі мұңға айналады. Бұл бағытта арнайы оқыту дәрістеріне артылатын жүктің салмағы ауыр. Олардың арасында «Даму» Қоры қолға алған «Бизнес-Кеңесші» жобасының өзіндік ойып алатын орны бар. Оның шеңберінде саланың майын ішкен, жілігін шаққан жандар тәжірибелерімен бөлісіп, білген-түйгендерін бүкпесіз жайып салады.
23 жастағы Мөлдір Айтуарова қатарластары үшін өнеге. Ол жастығына қарамастан, қос кәсіптің тізгінін ұстап отыр. Маңғыстаулық нәзік жан 2 жыл бұрын кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған. Алғашқы қадамдарын нық басқан ақтаулық тұрғынның айы оңынан туды. Әуелі қалада ұлттық нақыштағы мейрамхананы ашты. Қазақы тағамдарға сұраныс артып, оның жұмысы қарқын алған. Жігерлі жас басқа салада бағын сынауға бекінген. Тек білімді шыңдау талап етілді. Ол «Даму» Қорының «Жас кәсіпкер мектебі» жобасының тындаушысына айналды. Арнайы курста біліп-түйгенін жетілдіріп, жоспарын пысықтады. Ақтаудағы «Бизнес идеялар жәрмеңкесінде» Мөлдірдің балабақша ашу жобасы үздік танылды. Бүгінде қағазға түсірілген қадамдар өмірге жолдама алды.

1 2 3 4 5 ... 26 >
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 326.97
  • EUR Евро 381.05
  • CNY Қытай юані 48.44
  • RUB Ресей рублі 5.45
  • GBP Ағыл. фунты 425.49
Хабарландыру тақтасы